ҚазҰУ-да ІІ Халықаралық Фараби оқулары өз жұмысын бастады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өз жұмысын бастады. Форум Әбу Насыр әл‐Фарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жылдығына арналып отыр.
Жылсайынғы дәстүрлі Фараби оқуларының бастауы университетте өткен жылығылым фестивалі шеңберінде, екі апта бойы отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер мен пікір-сайыс отырыстары өтті.
Ғылым мерекесінің онкүндігінің ауқымды іс-шарасы халықаралық Фараби форумы ұлы ойшыл, философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидың идеяларын насихаттауға, заманауи Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, ойшыл мұраларын елдегі және алыс‐жақын шет елдерде танытуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКІСОЙ), Философия, саясаттану және дінтану институты.
Жиынды ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ашты. «Форум арқылы өткенге сүйене отырып, тарихи жазбалар мен нақыл сөздер адам дамуының қазіргі мәселелері қарастыруға мүмкіндік береді. Әл-Фараби өз еңбектерінде әрбір адам бақытты болу үшін өзін-өзі дамуытып отыруы керек деген. Біздің шығыс ойшылының атымен аталатын және ғылым, білім беруде айтылған идеяларын, Қазақстанның инновациялық тұрғыдан дамуына үлес қосу университеттің міндеті», - деді Ғ. Мұтанов.
Форум жұмысына қазақстандық және шетелдік саяси және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалымдар: Роллан Сейсенбаев, Бекір Қарлыға (Түркия), Альберт Фишлер (Франция), Рүстем Жанқожа (Украина), Василиус Сирос (Финляндия), Георгиус Стейрис (Греция), және т.б. қатысты.
Францияның еңбек сіңірген профессоры Альберт Фишлер жиналыста шығыс ғалымына деген құрметіне арналған сөздерден бастады. «әл-Фараби мен үшін өткен күннің ең білімді философы. Меніңше, ол өзінің нағыз еңбектері мен шығармалары арқылы Шығыс пен Батыс арасында байланыс орнатты. Сонымен қатар ол әлемдегі өзге де философтар мен ойшылдарға үлкен әсер етті», - деді А. Фишлер. «Фараби оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – әл-Фараби мұралары мен оның заманауи қоғам дамуындағы рухани, тарихи философиялық және дәстүр мен ғылыми негіздерінің сабақтастықтарын, ғылым мен білім берудің интеграциясын қамтамасыз етуді, университеттердің инновациялық ғылыми-білім беру үдерісін жетілдіруді зерттейтін отандық және шет елдік ғалымдарды біріктіруге арналған.
Француздық профессор Альберт Фишлер, шығыс ғалымына деген құрметпен, былай деді: «әл-Фараби мен үшін сол уақыттың ұлы философы. Менің ойымша, ол өз еңбектері арқылы Шығыс пен Батыс арасында байланыс орнатты. ҚазҰУ-да өтіп жатқан Фараби оқулары ғалымның мұрасы мен идеяларын насихаттауда университеттегі жемісті жұмыстың нәтижесі».
Қазақстандық жазушы Р. Сейсенбаев философтың заманауи Қазақстанға әсері туралы айтты. «Фараби оқулары ҚазҰУ студенттері мен жастар үшін маңызды рөл атқарады. Әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп бекер атамаған. Оның еңбектері ешқашан өз маңызын жоғалтпайды, олар Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін өткеннің жол сілтеушісі болып қала береді», - деді жазушы.
Форумның тағы бір ерекшелігі, ол Абай халықаралық клубы мен ҚазҰУ-дағы «әл-Фараби» орталығы бірлесе дайындаған бірнеше кітаптар сериясының, әл-Фараби шығармаларының жинағының: «Добродетельный город», «Книга о музыке», «Аль-Фараби и современность», «Аль-Фараби библиографический указатель», «Книга о разуме», «The Book of Mind», «Әл-Фараби және қазіргі заман», «Бақыт туралы кітап» және т.б. тұсаукесері болды. Көпшілік назарына «Al Farabi, the second master» (the Dutch TV channel NPO2) деректі фильмінің көрсетілімі ұсынылды. Сонымен қатар, форум қонақтары мен қатысушылар Орталық азиядағы жоғары оқу орындары кітапханалары арасындағы ең ірі университет ғимаратында орналасқан әл-Фараби ғылыми кітапханасындағы әл-Фараби мұражай экспозициялармен танысты.
Дәстүр бойынша форумда отандық және шетелдік ғалымдар ғылым, білім бері, қоғамдық және халықаралық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін «әл-Фараби» алтын төсбелгісімен Түркия премьер-министрінің бас кеңесшісі Бекір Қарлығаны және Роллан Сейсенбаевты марапатталды. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» медалі ТҮРІКСОЙ-дағы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Мәлік Отарбаевқа, Финляндия академиясының профессоры Василиус Сирос және Түркия білім беру министрлігінің өкілі Ибрахим Акгюнге табыс етілді.
Фараби оқулра жұмысын студенттің «Фараби әлемі», инновациялық жобалар мен студенттік бизнес-инкубатор байқауы, ғылыми семинарлар мен басқа іс-шаралар жалғастыруда.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі