«Сапалы білім беру»

23 қазан, 2023

Бірнеше жыл бойы шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында тәрбие жұмысы бойынша «Қазақстантану» клубы табысты жұмыс істеп келеді. Клуб жұмысының мақсаты шетелдік студенттерге еліміз туралы ақпарат беру, қазіргі Қазақстандағы жаңалықтармен, фактілермен таныстыру болып табылады. Жақында өткен клуб отырысы «23 қазан - Халықаралық қар барысы күні», «Қазақстанның Мемлекеттік және Ұлттық мерекелері» тақырыптарында өткізілді. Клуб жетекшілері студенттерге, шетелдіктерге біздің елімізде қар барысын сақтап қалу мәселесіне неге көп көңіл бөлетіндіктерін айтып берді.