Тұрақты даму мақсаттары 6-7. «Таза су мен энергияны үнемдейік».
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша ФӨТ оқу бағдарламасы студенттеріне таза су, энергия көздері тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, зертханалық сабақтар мен қатар семинар сабақтары жүргізіледі. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Тұрақты даму мақсаттары 6, 7. Таза су мен энергияны үнемдейік» атты үлкен іс-шара ұйымдастырдық.
Табиғи ресурстардың шектеулі екендігі және оны ысырыптап пайдалануды шектеу жөніндегі ойларды ежелгі философтар да, қазақ ойшылдары да айтқан. Қазақтың «Судың да сұрауы бар» деген мақалы осының дәлелі. Ал ғылыми жағына келсек, алғаш тұрақты даму жөніндегі түсінік XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтустың еңбектерінде кездеседі. Мальтус өз еңбегінде ресурстардың санын арттыру қолға алынбаса, әлем болашақта аштық, соғыс, экологиялық апат сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігін айтқан.
Тұрақты даму мақсаттары - жер шарын қорғау мен бейбітшілікті қолдау үшін қабылданған әлемдік мақсаттар. Тұрақты даму мақсаттары 2030 жылға дейін 17 мақсаттың жүзеге асырылуына жұмыс жасайды.
2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтар төгіндісін жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған ақаба сулар үлесін екі есеге қысқарту және судың сапасын көтеру 2030 жылға қарай барлық деңгейлерде, соның ішінде қажет болған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастық негізінде су ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету 2025 жылға қарай сумен байланысты экожүйелерді, соның ішінде тауларды, ормандарды, сулы-балшықты жерлерді, өзендерді, су тұтқыш қабаттар мен көлдерді қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық таза энергетика саласындағы жаңартылатын энергетиканы, энергиялық тиімділікті арттыру және қазбалы отындарды пайдаланудың неғұрлым таза технологияларын қоса алғандағы зерттеулер мен технологияларға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылымға және экологиялық таза энергетикаға салынатын инвестицияларды көтермелеу болып табылады.
Іс-шарада студенттер әзірлеген видео-роликтер мен интелектуалды ойындары семинарды әрлендіре түсті. Студенттердің викториналық сұрақтарға жарыса жауап беруі және пікір таласа тақырып бойынша өз ойларын ортаға салғандарына қарап әлемдік тақырыпқа өз үлесімізді қосып жатқанымыз байқалады.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Жақсылықова Гүлбану Жақсылыққызы