Жасыл өсу контекстінде Атырау облысының топырақ ресурстарын сақтау мен басқарудың өзекті мәселелерін зерттеу.Farabi University

Жасыл өсу контекстінде Атырау облысының топырақ ресурстарын сақтау мен басқарудың өзекті мәселелерін зерттеу.

10 желтоқсан, 2023

07.12.23 ж. география және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары б.ғ.к. доцент Б. Е. Шимшиков және б. ғ. к. доцент Г.А. Мұқанова BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи, экономикалық және және әлеуметтік-шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы бойынша мегагрант аясында Атырау облысы экологиялық департаментінің бастығы Әлібек Бекмұхаметовпен жұмыс кездесуін өткізді. Ә.Бекмұхамбетов соңғы жылдардағы Атырау облысының топырақ жамылғысының экологиялық жай-күйі, топырақтың химиялық улы заттармен ластану көздері, топырақтың жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті. Департамент басшысы топырақ ресурстары бойынша қолда бар материалдарды ұсынуға уәде берді.