Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолдары
15 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Химия» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Химиялық технологияның негіздері» пәнінде тұрақты даму мақсаттарының бірі – Мақсат №9 «Индустриализация, инновация және инфрақұрылым» бағытын жүзеге асыру қарастырылды. Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және тұрақты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін инфрақұрылымға инвестициялар өте маңызды.
Келесі негізі міндеттері қарастырылды.
- Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру.
- 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды орнықты етіп қайта жабдықтау.
Дәріскер: х.ғ.к., доцент Смағұлова Н.Т.
Басқа жаңалықтар

11 сәуір, 2025

11 сәуір, 2025