Қаламгер өміріне саяхат

15 желтоқсан, 2023

«Тұрақты даму мақсаттардың»  11-мақсатында - «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» туралы айтылады. Онда қалалар керемет инновациялар мен мүмкіндіктердің орны бола алатыны туралы сөз болады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қат-қат мәдениет пен дәстүрдің мекені  ҚР Ұлттық кітапханасында  желтоқсанның 13-жұлдызында  ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы ұйымдастырған шараға ЖОО дейінгі білім беру факультеті құрылымы толық қатысты. Қатысушылардың арасында жергілікті жастармен қоса Жапониядан, Үндістаннан, Түркиядан келген азаматтар болды. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдіктер шараға үлкен қызығушылықпен қатысып отырды. Қаламгердің жастарға қалдырған шығармаларымен танысып, адами құндылықтарды  дәріптейтін нақыл сөздерін тыңдап, кітаптарымен танысқан жастардың ой-санасы өсіп, рухани толысқаны анық.