«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері

28.12.2023 ж.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінің қорытындысы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Джангабулова Арайлым Қуанышбекқызына «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының басшылығы мен ұжымы атынан Арайлым Қуанышбекқызын беделді халықаралық стипендия иегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз, оған әрі қарай шығармашылық және кәсіби өсу, қол жеткен нәтижеде тоқтап қалмай, алға ұмтылуды тілейміз. Көздеріңізде әрқашан ынта жанып, мүмкіндіктер ашылсын! Жаңа жеңістерге жете беріңіз!