ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕДІ

3 қаңтар, 2024

Президент сұхбатында  еліміздің  жаңа экономикалық моделге көшудегі  әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына баға бере отырып, 2024 жылы экономикада, қоғамдық-саяси және гуманитарлық сферадағы  қалыптасатын негізгі бағыттарды айқындап атап өткен. Елімізде 2023 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ 13 мың долларды құрап, жылдық өсім 1,6 мың  доллар болып бағаланған. ХВҚ болжамы бойынша осы көрсетккіш 2028 жылы 16,8 мың долларға дейін өспек. Ұлттық экономиканы дамытудың және  басқарудың жаңа тәсілдерін қолдану қажеттігін атап өткен. Бәсекеге қабілетті экономикалық дамуға 20 млн. халқымыздың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді және оның маңыздылығы арта бермек. Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі маңызды мәселе болғандықтан, біздің мемлекетімізде де бұл мәселе алдыңғы орында тұр. Экономикалық өсуді ынталандырудың барлық шаралары кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытуға, жеке меншікті қорғауға, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдық реформалармен қатар жүруі маңызды. Осы тәсіл арқылы барлық мақсаттарымызға, соның ішінде жоспарланған мерзімде ұлттық экономиканың көлемін еселеуге қол жеткіземіз.   

        Сұхбат көтерілген мәселелер халқымыздың  әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге  жаңа серпін береді. Президент атаған реформалардың негізгі мақсаттарының бірі неғұрлым әділ және теңгерімді саяси жүйені қалыптастыру деп атап көрсеткен. Сонымен қатар, саяси реформалардың қайтымсыздығын қамтамасыз ету және оларды қоғамдық өмірдің тұрақты факторына айналдыру үшін жағдайлар жасау. Екіншіден, Конституцияның өзінде принципті ұстанымдар нақты көрсетілген. Үшіншіден, реформалардың нәтижесінде Мәжілістің өкілеттігі айтарлықтай кеңейді, ол жаңа сайлау үлгісі – партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша құрыла бастады. Биліктің басты міндеті – заңдылық пен тәртіпті қатаң қамтамасыз ету.

Кафедра даярлайтын: "Менеджмент" және "Мемлекеттік және жергілікті  басқару" мамандықтарының білім алушылары  бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, профессор-оқытушылардың халықаралық қауымдастыққа енуіне де үлкен көңіл бөлініп отыр. Алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен өзара тәжірибе алмасуы, ынтымақтастық үрдістері нығая түсіп, халықаралық білім беру кеңістігі мен ғылыми-зерттеу жобаларында  ғалымдарымыздың танымалдығы артуда.

Менеджмент" кафедрасының  профессор-оқытушы ғалымдары, Ел Президентінің жаңа экономикалық моделге көшудегі  әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған сұхбатын қолдай отырып, оны табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қосамыз.

 

 

"Менеджмент" кафедрасының

профессоры, экономика  ғылымдарының докторы                                   Оңалбек Абралиев