Қаржылық сауаттылық- жеке қаржыны басқару жолы

3 қаңтар, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты келелі сұхбатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіЭкономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қызу талқылады.

Былтырғы Жолдауда Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарын жарияланған. Онда 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделген. Алайда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің болжамдарына сенсек, 2023-2024 жылдары ел экономикасының өсімі 3-4 пайыздан аспайды. Осыған қатысты Президенттің Халықаралық валюта қорының сарапшылары 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Ішкі жалпы өнімі қазіргі бағамен есептегенде 259 миллиард доллардан асады, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артады деп бағалап отыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары ақшалай өсім. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім де өсіп келеді. Бұған қатысты болжамды көрсеткіш былтыр 13 мың долларға жуықтады деген пікірі қуантарлық жағдай. Сұхбатта айтылған пікірлердіңбасым бағыты экономикаға бағытталғанымен, барлық экономикалық іс-шаралардың нәтижесі халықтың жағдайына тікелей әсер етуі тиіс. Жалпыайтылған халықтың әлеуметтік тұрмысы, соның ішінде халықтың қарызға батуы күрделі мәселе. Осы тұста Президенттің « Мен азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын. Себебі бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мен 2019 жылы Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық еді. Сол уақытта 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. Бұл бірреттік шара болатын. Ал 2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. Мұның бәрі мәселенің ушығып кетпеуіне ықпал етті. Осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтырғы Жолдауымда Үкіметке тың шараларды қолға алуды тапсырдым. Негізінен, бұл жағдайға жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек» пікірін қолдаймыз. Осыған орай «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы«Қаржылық сауаттылық негіздері» атты пәнді барлық факультеттердің оқу бағдарламаларына қосуды ұсынады. Бұл пәннің халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруде тигізер пайдасы зор. 

Қорыта келгенде, экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты, сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына негіз болады. Бұл бастамалардың барлығы Әділетті Қазақстан құру ісіне сомды үлес қосатыны сөзсіз.

Супугалиева Гүлназым Ислямовна

«Қаржы және есеп» кафедрасының

аға оқытушысы