ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында ТДМ 5 аясында өткізілген шара
Теңсіздікті жою және ешкімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету тұрақты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Елдердегі және олардың арасындағы теңсіздік үнемі алаңдаушылық тудырады. Дамыған, инновациялы қоғамда өмір сүріп жатсақ та, кейбір елдердегі салыстырмалы табыс теңсіздігінің төмендеуі, әлеуметтік - экономикалық теңсіздік, ер мен әйел арасындағы теңсіздік әлі орын алып жатыр.
Еліміздегі озық оқу орындарының бірі - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жыл сайын білім аясы кең, білік пен дағдыны бойына сіңірген жастарды оқытып, тәрбиелеп жатыр. Университеттің басты мақсаты - әр студенттің ар - намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу. Осы мақсатта түрлі іс - шаралар, конференциялар, сайыстар өткізіледі. Кезекті шаралардың бірі, 19-топ тыңдаушылардың арасында “Әлеуметтік теңсіздікті жою” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты - әлеуметтік қызметтерді дамыту; жастарды білімді болуға баулу; кедейлер мен мүгедектерге көмек көрсету; нормативтік актілерді, заңдарды, ақшалай өтемақыны, қоғамның қорғалмаған топтарын (ардагерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналарды) қорғау; ерлерге де, әйелдерге де қандай жағдайда да тең мүмкіндіктер беруді дәріптеу.
Дөңгелек үстел аясында тыңдаушылар әлемде орын алып жатқан әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, тең құқықтылықты сақтау, қарапайым халықтың заң мен құқық аясындағы білімін арттыру үшін өз ойларын ортаға салып, идеяларын ұсынды.
Бүгінде "БҰҰ - әйелдер" құрылымы заңнама мен бағдарламалар негізінде барлық салаларда жалпыға бірдей қатысу мен теңдікті қамтамасыз ету арқылы елдер ішіндегі теңсіздікті азайтуға қол жеткізуде. Теңсіздік пен кемсітушілікті жою жөніндегі жұмысымызда біз адам құқықтарына негізделген тәсілге сүйенуіміз керек. Біз әйелдер ұйымдары мен ықпал ету топтарының мүмкіндіктерін ең аз қамтылған және әлеуметтік жағынан алшақ әйелдер топтарының, соның ішінде мигрант әйелдердің, босқындардың, мүгедек әйелдердің және басқалардың мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлуіміз керек.