- Басты бет
- Жаңалықтар
- «18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды және олардың ата-аналарын әлеуметтік қолдаудың құқықтық шаралары»
«18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды және олардың ата-аналарын әлеуметтік қолдаудың құқықтық шаралары»
2024 жылдың 5 ақпанында, 310 аудиторияда сағат 12.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды және олардың ата-аналарын әлеуметтік қолдаудың құқықтық шаралары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Карашева Ж.Т,
Карашева Ж.Т. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды және олардың ата-аналарын әлеуметтік қолдаудың құқықтық шаралары туралы талдаулар ұсынды, мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша жалпы қағидаттарға түсіндірме беріп өтті, әлеуметтік қорғаудағы негізгі проблемаларды анықтады және мүгедектердің құқықтары туралы конвенция бойынша практикалық ұсыныстар берді. Семинарда көтерілген негізгі мәселелер бірнеше аспектілерді қамтыды:
1 Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2 Қазақстандағы балалар мүгедектігі ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Мүгедек балалардың құқықтарын қорғау Қазақстанның мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасымен бекітілген. Есепті кезеңде Қазақстан мүгедек балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру үшін белсенді шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.
3 Мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектікті жеке контексте емес, әлеуметтік контексте айқындайды. Сөйтіп, ол мүгедектіктің алғашқы емі ретінде әлеуметтік бейімделу мен
әлеуметтік өзгерістер туралы ой-пікірлерге, пайымдауларға көбірек көңіл қояды. Әлеуметтік тұрғыдан қарасақ, адамдар көбінесе мүгедектікті өзінің
денесінен емес, қоғамдық себептердің нәтижесінен алады.Семинар бағдарламасына енгізілген негізгі мәселелер мүгедек жандар үшін тиісті шешімдерді ескере отырып,
Кафедраның спикері мен профессорлық-оқытушылық құрамы мүгедектігі бар адамдарды жәрдемақымен, әлеуметтік қорғауға алу және оларды тауарлармен қамтамасыз ету керек деген тұжырымдама жасады және де сонымен қоса практикалық кеңестер мен ұсыныстармен бөлісті.
Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.