Мегажобаның мақсаты айқын

13 ақпан, 2024

Әлемдік тәжірибеде тұрақты әлеуметтік-экономи­ка­лық модельді қалыптастыру, жалпы шаруашылық жүйе­лер­ді, өңірлік жүйелерді дамыту және оларды ұлттық деңгейде іске асыру елдің экономикалық мүддесі стра­тегиялық маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Бүгін­гі таңда бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қа­зақ­стан Республикасында тұрақты дамуға көшу тұжы­рым­дама­ла­ры әзірленді. Тұрақты даму тұжырымдамасы ұлттық эко­­номика деңгейінде де, жергілікті деңгейде де (ау­дандар, қалалар, ауылдық елді мекендер) әзір­лен­ді. Алай­да теориялық тұрғыдан алғанда тұрақты да­муға қол жеткізудің әдістері мен тетіктерінің ғылыми негіздемесі мәселелері одан әрі тереңдетілген зерттеуді талап етеді.

Осыған байланысты ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті мақсат­ты қаржыландыру бағдарла­ма­сы шеңберінде «Жасыл даму контексінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономи­ка­лық жүйелерінің тұрақты да­муы: кешенді талдау, тұжы­рым­дама, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақыры­бын­да мегажобаны іске асы­ру­да.

Бұл жоба ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдау­ла­рын, «Қазақстан-2050» cтрате­гия­сын, Қазақстан Республи­ка­сының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыруға бағытталған Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуын зерделеуді көздейді.

Жобаның мақсаты – су ре­сурс­тарын сақтау мен басқару, топырақ сапасы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, ауа сапа­сы­ның өзекті мәселелерін зерт­теу, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау және ұтымды пайдалану. Сондай-ақ гео­ақ­па­раттық жүйелерді дамыту және қоршаған орта объек­ті­лерінің мониторингі, климат­тың өзгеруі және оның қор­ша­ған ортаға әсері, жасыл тех­нологияларды әзірлеу.

Жоба бағдарламасы бір­не­ше ішкі бағдарламадан тұра­ды:

1. Батыс Қазақстан өңірі табиғи-шаруашылық жүйе­ле­рін дамытудың негізгі факторы ретінде табиғи-ресурстық әле­ует­ті бағалау;

2. Батыс Қазақстан өңірі био­алуантүрлілігін тұрақты да­му және жасыл өсу контексінде бағалау;

3. Тұрақты даму контексінде Батыс Қазақ­стан өңірі атмос­фе­ралық ауасының сапасын бағалау;

4. Батыс Қазақстан өңірі то­пы­рағының өнеркәсіптік қыз­мет нәтижесінде токсинді хи­мия­лық заттармен ластануын бағалау;

5. Батыс Қазақстан өңірі жер­үсті және жерасты сулары­ның ластануын тұрақты даму контексінде бағалау;

6. Тұрақты дамуды қамтама­сыз ету үшін Батыс Қазақстан өңірінің ландшафттық-эколо­гиялық жай-күйін бағалау;

7. Батыс Қазақстан өңірі әлеуметтік-экономикалық да­муын тұрақты даму контексінде бағалау;

8. Тұрақты даму және жасыл өсу контексінде Батыс Қазақ­стан өңірінің табиғи-шаруашы­лық жүйелерінің тұрақтылығын және әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуын қамтамасыз етудің ғы­лыми-қолданбалы негіздері.

Осы кіші бағдарламалардың орындаушылары: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті» КеАҚ, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, «У.М.Ахмедсафин атында­ғы гидрогеология және гео­эко­логия институты» ЖШС, «Ө.Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Балық шаруашы­лы­ғы­ның ғылыми-өндірістік орта­лығы» ЖШС, Ш.Есенов атын­да­ғы Каспий мемлекеттік тех­­­но­логиялар және инжи­ниринг университеті, «Махам­бет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ, ҚР ЭБЖМ КЛХиЖМ «Ботаника және фитоинтродукция инсти­ту­ты» ШЖҚ РМК, ҚР ҰӘМ ҒК «Эко­номика институты» ШЖҚ РМК.

Біздің елімізде Батыс Қа­зақ­стан­ның экономикалық әле­уеті зор, алайда оның бола­шақ экологиялық-әлеу­мет­тік-эко­но­микалық дамуын­дағы ор­нық­тылығына жердің тозуы, табиғи ресурстарды ұтым­сыз пайдалану және ағым­дағы эко­ло­гиялық, әлеу­меттік-демо­гра­фиялық проб­ле­малар нәти­же­сінде топырақ жа­мыл­ғы­сының ластануына қауіп төніп тұр. Бағдарлама елі­міздің тұрақты даму ма­қ­саттары негізінде аумақтың тұ­рақты экологиялық-әлеу­меттік-экономикалық дамуы­мен байланысты Батыс Қазақ­стан өңіріндегі стратегиялық маңызды міндеттерді ше­шу­ге бағытталған.

Өткен жылы ғалымдар мен сарапшылар жұмыс­тың бірінші кезеңін орын­дады. Ақпараттық мәліметтер қоры және табиғи кешендер мен биологиялық ресурс­тар­ды бағалаудың әдіс­те­мелік негіздері жа­сал­ды. Батыс Қазақстан өңірі жер ресурстарының табиғи және шаруашылық-ресурс­тық әлеуеті туралы мәліметтер жиналды.

ҚазҰУ-да мегагрантты іске асы­рудың бірінші жылының нәти­желеріне арналған кон­сорциум мүшелерінің алғашқы жұмыс кеңесі талқыланды. Мегагрантты іске асырудың бірінші жылының нәтижелері бойынша консорциум мүше­ле­рінің бірінші жұмыс кеңесінің соңында жобаға қатысушылар 2024-25 жылдарға арналған алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. Осы кезеңде ға­лым­дар өңірдің тұрақты эколо­гиялық-әлеуметтік-экономи­калық дамуы, жер және су ре­сурстарын басқару, жануар­лар мен өсімдіктер әлемін сақ­тау мәселелерін шешу жол­дарын табуы тиіс.

Батыс Қазақстан өңіріне жос­парланған кешенді зерт­теу­лер жүргізу аумақтың қа­зір­гі экологиялық жай-күйін, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірістерін одан әрі дамы­ту­дың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын бағалауға мүм­кін­дік береді. Мегажоба қор­ша­ған орта кешендерінің жай-күйін оң­тай­ландыруға және халықтың өмір сүру жағдай­ла­рын жақ­сар­туға бағытталған.

Гүлжанат МҰҚАНОВА,

б.ғ.к., доцент

Тұрсынкүл БАЗАРБАЕВА,

г.ғ.к., доцент