Тіл – тұтас ұлттың айнасы

14 ақпан, 2024

Кез келген адамның көкейінде я ойында жүрген, мәселенің тереңіне бата алмай, «әттеген-ай» дейтұғын сәттердің болатыны рас. Оған мысал ре­тінде бірнеше дү­ние­ні атап айтуға болады.

Қазіргі уақытта қоғамда бе­лең алып тұрған өзекті мәсе­ле­лерді айтатын болсақ, айтып қана қоймай, тереңіне үңіліп қарасақ, жан-жағымыздың бар­лығында түйіні шешілмей тұрған даулы мәселені, өзекті жағдайды, оқиғаны көреміз. Бірақ бұның да өзіндік астары мен тамыры тереңде жатқан мағынасы бар екенін саралай білуіміз керек. Ол үшін, ең бас­тысы, дұрыс әрі жалпыға бір­дей түсінікті түрде түйінді ше­ше алуымыз қажет.

Мені толғандыратын мәселе – тіліміздің тазалығы. Шұбар­ла­нып бара жатқан ана тілімізді қалай болғанда да, осы бір кеселден алып шығып, кең ауқымда ұрпақтар арасында насихатталуына баса назар ау­даруымыз қажет. «Тәрбие басы – тал бесік» демекші, жаңадан ту­ған балаға орыстардың «Си­ний тракторын» емес, бесік жы­рымыз бен ертегімізді сана­сы­на сіңіру дұрыс деп санай­мын. Қазақи тәрбиеде ананың аялы алақаны мен мейіріміне қанып өскен баланың кеуде­сінде Отанға, туғанына деген ада­лдығы мен махаббаты лау­лап тұрады.

Тіл – тұтас ұлттың айнасы. Тілі мен байтақ жері бар ұрпақ еркін, тәуелсіз өседі. Өкініштісі, біз батыстың мәдениетіне елік­тейміз деп рухани байлы­ғы­мыздан алыстап барамыз.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілің­ді құрметте», – деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, туған тілге деген құрмет биік дәре­же­де болуы керек. Адам тән азығымен қатар, жан азығын да тойдыруы, қанағаттандыруы қажет. Жан азығы – білімде, кі­тап­та. «Қазақ» деген ұлттың ай­насы екенін әрбір адам сезіну арқылы тілі мен салт-дәстүріне тереңдей түссе, жан азығының қажеттілігін қана­ғат­тандырады. Рухани байи түседі. Өзінің ататегін, тарихын тану арқылы тамыры тереңде жатқан тұлға екенін сезінеді.

Ұлбосын НАМАЗБАЙ,

журналистика факультетінің

2-курс студенті