Конференция 21-22.02.2024: Трек 4. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

21 ақпан, 2024

 

4.3. Қолжетімді және сапалы кәсіптік және жоғары білімге, соның ішінде университеттік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету

2024 жылдың 21-22 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» сарапшылық-стратегиялық сессиясы өтті. Осы сессиядағы Трек 4 «Инклюзивті білім беру: оқыту және оқыту технологиялары» тақырыбын қарастырды.

Трек 4. "Инклюзивті білім беру": Іс-шара жоспары

Өтетін орны. Гибридті формат. Оффлайн – әл-Фараби кітапханасы, онлайн – сілтеме бойынша қосылу.

Стратегиялық сессияның мақсаты – зерттеу университетінде білім беруді дамытудың негізгі драйвері ретінде ғылым болатын білім беру стратегиясын әзірлеу.

Панельдік сараптамалық сессия: Трек 4. Инклюзивті білім беру

Уақыты

Трек

Іс-шара

 

Өту орны

14.00–17.00

 

 

 

Трек 4

Инклюзивті білім беру: оқу және оқыту технологиялары

 

Модератор

 

Тәжина Ғайния Оразбекқызы

биология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, "Инклюзивті орта" ғылыми-практикалық орталығының директоры.

 

Спикерлер:

 

  1. Камила Роллан, «SDU UNIVERSITY» білім берудегі инклюзия бойынша жетекші сарапшысы. ЖОО-да ЕББҚ бар студенттердің оқу процесін қолдауға арналған көмекші технологиялары.
  2. Надирова Гульнар Ермуратовна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Шектеулі мүмкіндіктер студентке кедергі болмауы керек.
  3. Бабашев Абдразак Маханович, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Биологиялық инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері (онлайн)
  4. Касыбаева Кайырхан Касыбаевна. Орталық Азия және Қазақстан Психоаналитикалық қауымдастығының ғылыми-зерттеу қызметі (мастер-класс, онлайн).
  5. Айнур Ерлан, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты. Оқу жүктемелеріне бейімделу процесінде студенттердің жағдайын түзетуге арналған гипоксиялық жаттығулар.
  6. Садвакасова Зухра Маратовна, пед.ғыл.к., доцент, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және Саясаттану факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы. Жеке тұлғаны дамыту технологиялары және жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚБ) студенттерді психологиялық қолдау.
  7. Рахимжанова Ляззат Болтабаевна, пед.ғыл.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ФИТ Компьютерлік ғылымдар  кафедрасының доценті. Инклюзивті білім берудің бастауыш мектебіне арналған «Цифрлық сауаттылық» курсы бойынша электрондық білім беру ресурстарына қойылатын талаптар.

 

 

Сұрақ-жауап сессиясы

 

 

әл-Фараби кітапханасы

304 ауд.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосылуға арналған сілтеме:

 

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3amAuKHFO5oJykopkD92MUPtCnOKmFcA_U6_LLPmcWdjg1%40thread.tacv2/1707891737950?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22189c50aa-6386-4c63-91ae-e54a7379c0c0%22%7d  

22.02.2024

9.00-11.00

 

 

Қарар бойынша ұсыныстарды талқылау: Трек 4

 

Спикерлер сөздерінің фотохроникасы

Сарапшылар тобы: Министрлік, ЖОО-лар, жұмыс берушілер үшін инклюзивті университеттік білім беру туралы қарарларды талқылау

Трек 4-те келесі тақырыптарды талқыланды:

1. ЖОО-да ЕББҚ бар студенттерді оқытуға арналған көмекші технологиялар мен техникалық құралдар.

2. ЕББҚ бар студенттерге биология ғылымдарын оқытудың ерекшеліктері.

3. ЕББҚ бар студенттерді әлеуметтендірудегі Орталық Азия және Қазақстанның психоаналитикалық қауымдастығының мүмкіндіктері.

4. Университеттің білім беру жүйесінде ЕББҚ бар студенттердің тұлғасын дамыту технологиялары.

5. Университетте ЕББҚҚ студенттерге психологиялық қолдау көрсету.

6. «Цифрлық сауаттылық» курсы бойынша электрондық білім беру ресурстарына қойылатын талаптар – инклюзивті білім берудің бастауыш мектебі бойынша ЕББҚ бар студенттерге арналған әзірлемелер.

Тректе 8 спикер баяндама жасады, оның ішінде:

ҚазҰУ оқытушылары -5;

ҚР басқа ЖОО оқытушылары – 2;

Жұмыс берушілер – 1.

Келесі ұсыныстарды қабылдау ұсынылады:

 

ҚР Білім және ғылым министрлігіне:

1. Кедергісіз сәулеттік ортаны құру бөлігінде жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Жол картасын іске асыруға нысаналы бюджет бөлу.

2. Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің жол картасын іске асыруға зағиптар, нашар көретіндер, саңыраулар, нашар еститіндер және ерекше білім беруді қажет ететін басқа санаттағы студенттер білім беру ортасына бейімделу үшін дыбыс күшейткіш, оқу, техникалық құрылғылар, аудиодескрипторлар, Брайль тіліндегі декодерлер және т.б. алу бөлігінде нысаналы бюджет бөлу.

3. Инклюзивті студенттердің әртүрлі санаттарын: шетелдік студенттерді, азшылық топтарынан шыққан студенттерді, ерекше білімге мұқтаж студенттерді оқытуға гранттар беру.

 

ЖОО-ларға:

  1. Әрбір оқу орны өзінің ерекшелігіне сәйкес инклюзивті білім берудің жеке жол картасын әзірлеуі керек.

 

Университет басшылығына:

1. ЕББҚ бар студенттердің әртүрлі санаттарының қажеттіліктеріне сәйкес көмекші техникалық құралдармен жабдықталған Инклюзивті білім беру ресурстық орталығын құру және жүйелі түрде жаңарту.

2. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарында педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттерімен практикалық сабақтар өткізу.

3. Инклюзивті білім беру ресурстық орталығында ЕББҚ бар студенттермен жұмыс істеу үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүргізу.

 

Жұмыс берушілерге:

1. ЕББҚ бар студенттер үшін олардың практикалық оқу кезеңінде жабдықталған жұмыс орындарын құру.

2. ЕББҚ бар түлектер үшін жабдықталған жұмыс орындарын құру.

3. ЕББҚ бар түлектің кәсіби қызметке көшуін және қолдауын, бейімделуін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші-ЖОО бірлескен бағдарламасын құру.