Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік
2024 жылғы 29 ақпанда сағат 13:00-де аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінде 17 ТДМ "Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік" шеңберінде, мемлекет және құқық теория мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Д.М.Баймаханова, Л.Т.Культемирова және Д.О.Құсайынов, 1 курс студенттердің қатысуымен, "ҚР - дағы атқарушылық іс жүргізу, даму ерекшеліктері мен үрдістері" атауымен көшбасшылық дәрісті ұйымдастырылған. Спикер болып Алматы қаласының атқарушы округінің жеке сот орындаушысы Әділет Ақтамбердиұлы Ермеков сөз сөйледі.
Спикер өз сөзінде ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сот шешімдерін орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің маңыздылығы туралы мәселеге тоқталды.
Сонымен қатар, спикер қарапайым азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселесіне ерекше назар аударып, соңғы уақытта халықтың құқықтық сауаттылығы айтарлықтай өскенін атап өтті. Әділет Ақтамбердиұлының сот орындаушысы ретіндегі қызметінің тәжірибесіндегі ең маңызды істер туралы әңгімесі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Студенттер өзекті мәселелерді қозғаған дәріскерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, жақсы білім алу, сондай-ақ практикадан өту болашақ жас мамандар үшін өте маңызды екенін атап өтті.