«Түркі әлемінің ұлы тұлғалары» атты халықаралық дөңгелек үстелFarabi University

«Түркі әлемінің ұлы тұлғалары» атты халықаралық дөңгелек үстел

28 ақпан, 2024

 

 

 

28 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен «Түркі әлемінің ұлы тұлғалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент Балтымова Мира Рашидқызы қатысты. Онлайн және офлайн форматта өткен ғылыми жиында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан ғалымдары абайтану және түркология мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелде Мира Рашидқызы «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы кісілік құндылықтар мәселесі» туралы баяндама жасады. Университеттегі Әл-Фараби орталығы мен философия және саясаттану факультеті ғалымдарының ҚР ҒЖБМ ҒК AP19676515 «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс» атты гранттық жобасы бойынша орындалып жатқан зерттеулері туралы айтты және Абай ғылыми-зерттеу институтымен байланысты одан әрі күшейту жөнінде ұсыныс жасады.