2024 жылдың 04 наурызында 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру «Жастардың жұмыссыздығы. » тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8% пайызды құрайды. Бұл – 2022 жылдың 2 тоқсанындағы қорытынды. Өңірлер бойынша Алматы – 5,4%, Астана – 4,7% және Қарағанды облысы – 4,3%, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысы – 4,1% пайыз көрсеткішке ие. «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтың сөзінше, мұндай көрсеткішке кей өңірлердегі білім деңгейінің төмендігі себеп. Бұған қоса мектептердің кәсіптік бағдар берудегі осалдығы да кері әсерін тигізіп отыр.«Кез келген мықты компания білімі мен білігі келіскен маман іздейді. Бұған қоса жақсы университеттердің дипломы керек. Бала 5-6 сыныптан бастап қандай маман иесі болатынын ойлануға тиіс. Оларға мектеп тарапынан кәсіптік бағдар берілуі қажет. Қазір өзекті мәселе – осы. Себебі 11-сыныпқа келген оқушы ең алдымен ата-анасымен, кейін мұғалімімен ақылдаса отырып, олардың ықпалымен экономист, заңгер, есепші сияқты мамандықты таңдай салады. Кейін бала университетте 4 жыл оқып, мамандықты дұрыс таңдамағанын кеш түсінеді. Әрі қарай тұрмыстың қамын ойлап, сатушы, даяшы болып жұмысқа орналасады. Ол жақта көбірек ақша тауып, қызығушылығы ашылып, сонда қалады. Егер әр балаға мектепте дұрыс кәсіптік бағдар берілсе, олар оқуын аяқтаған соң, сол мамандық бойынша жұмыс істеуді жоспарлаушы еді», дейді Т.Болысов.Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.