НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚFarabi University

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

11 наурыз, 2024

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2024 жылдың 11 наурызында  "Шетел филологиясы (батыс тілдері)" мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында адам өміріне аса қауіпті есірткі, нашақорлық ұғымдарын түсіндіріп, саналы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.  Ашық сабақ барысында студенттер нашақорлық туралы бейнеролик көріп,  соңғы баспасөз беттерінен алған статискалармен бөлісті. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда психоактивті заттарды қолдану салдарынан «психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен бақылауға алынған  108 722 адамның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді 18 329 адам тіркелген. Солардың 91% —  16 817 ерлер, 9% — 1512 әйелдер, 15% — 2734-ы 18-29 жас арасындағы жастар және 66 — балалар мен жасөспірімдер. Студенттер зиянды әдеттерге қарсы күресе алатын білімді ұрпақ болудың алғышарттарын, есіркі қолдану себептерін, нашақорлардың негізгі белгілерін, салдарын талқылады,  өз ойларын білдірді.