ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУҒА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕДІ

16 наурыз, 2024

    

      Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың 3-ші жиынында еліміздің әлеуметтік және иделогиялық салаларындағы бағдарымызды және болашақ дамуымызды айқындап берді. Құрылтай Ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды және оның басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасының деңгейін жақсарту. Халқымызды жан-жақты дамуына жағдай жасау. Ұлтымыздың құндылық дәстүрлерінің  міндеттері мен мақсаттарын дамыту қажеттігін айтты.

            Стратегиялық бағытта заманауи технологияларға негізделген білім экономикасын құрумен қатар, еліміздің жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамуы керек. Жас мамандардың әлеуетін дұрыс пайдалану және нарық бәсекелестігі мен сұранысқа ие болатын сапалы мамандар даярлау арқылы  ұлттық экономикамыздың жаңа деңгейге бағыттау қажет. Жас мамандарды жергілікті басқару органдарында    өз мамандығымен жұмыспен қамту өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсартады және нарық кеңістігіндегі   бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұлұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір білім алып жатқан жастар ұлттық мүдлелер мен құндылықтарды жалғастыруы тиіс. Аталған мәселелер  Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Білікті мамандар – жақсы қасиеттерге ие болып, өз әлеуетін ұлттық идеяларымызды дамытуға бағытауы тиіс. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. 

      Бүгінгі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 3 деңгейде дайындалып жатқан "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының   мақсаты кең ауқымды аналитикалық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын мамандар даярлау болып отыр. Бәсекеге қабілетті  "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарындаярлауға оқу орнымыздың деңгейі жоғары болуына және білімгерлердің жан-жақты білім алуына отандық және шет елдік ғалымдар еңбектенуде.  Алыс  шет елдердің университеттерімен: АҚШ, Индонезия, Испания, Италия, Малайзия, Нидерланды, Польша, Португалия,Туркия,Ұлыбритания,  Финляндия, Франция, Чехия сонымен қатар жақын шетелдердің: Өзбекстан, Ресей (Белгород, МГИМО, Оңтүстік-Орал, Пенза,  РУДН, РЭУ),  Украина  жоғары оқу орындарымен   ынтымақтастық меморандумға қол қойылып 35 шет елдік ғалымдармен ғылыми жұмыстар атқарылуда. Оқу бағдарламаларында  үнемі жетілдіріліп, жұмыс берушілердің талаптары мен ұсыныстары  ескерілуде.          Мемлекетіміз  "Менеджмент"кафедрасында 3 деңгейдегі даярланып жатқан  "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарын  бітіруші түлектерімізге өте кең мүмкіндіктер беріп отыр:  жас мамандардың еліміздің 17 облысындағы 164 аудандарындағы  6295 ауылдық аймақтарға оралуына,  өңірлерде кадр тапшылығын азайтуға және мемлекеттік қызметке орналасып тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болып отыр. Ең бастысы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарын  үздік бітірген түлектеріміз осы жеңілдіктер негізінде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.       

        "Менеджмент"кафедрасының профессор-оқытушылары, Ел Президентінің Ұлттық құрылтайдың 3-ші жиынында еліміздің әлеуметтік және иделогиялық салаларындағы

бағыт бағдарын қолдай отырып, оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдырамыз деп сендіреміз,

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

"Менеджмент" кафедрасының профессоры, э.ғ.д.                  Оңалбек Абралиев

abraliyevobek@mail.ru