АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АLMA MATER

15 қаңтар, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің 90 жылдық мерейтойын бастап кетті. Осы оқу орнында ұзақ жылдар қызмет етіп, бірге жасап келе жатқан ардагер ұстаздарымыз, құрметті профессорлар газетіміздің әр санында құттықтауларын айтып, баталарын беріп жатыр. Төменде ардагерлердің, бүгінгі ұстаздардың университет туралы естеліктерін, жылы лебіздерін беріп отырмыз.

 

Өтеғали  ШЕДЕНОВ,

академик, экономика ғылымының докторы:

– Бізге дәріс оқып, тәлім үйреткен тамаша адамдар, экономист-профессорлар – И.Бровер, С.Нейштадт, М.Романов, И.Лукьянец, А.Граходовций, Т.Шәукенбаев, Ф.Жеребятьев, М.Бутин, С.Баншев, Г.Постенко, С.Голденгерш және т.б. ғалымдарды құрметпен еске түсіремін. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, шәкірт біткенді білімнің қайнар бұлағына қандырған мәртебелі ұстаздар алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондай елеулі, еңселі тұлғалар еңбек еткен университетіміздің игі дәстүрі үзілмей, күні бүгінге дейін тек таңдаулылардың ғана дәріс оқып келгеніне көңіл тоғайып, марқаяды екенсің.

Әділетті Қазақстан елінің туын көтерген университетіміздің табысы мен жетістігі аз емес. Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуымен мәдениетіміз көркейіп, оқу-білім саласы да тың серпін алуда. Бір кездері Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның – атасы». Осы ұлы қасиетті сөзден жас ұрпақтың бақытты, бақуатты болашағына деген сенім орнығып, ол сенім нығайған сайын алдыңғы буын өкілдері ретінде біздің де көңіліміз толады. Баршаңызды университетіміздің 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

 

Әділхан ӘБІЛДАЕВ,
Теориялық және ядролық физика кафедрасының
профессоры:

– Биыл менің университет табалдырығын аттап кіргеніме 67-ші жылға аяқ басыпты. Осы жылдарда университет ұжымы үшін есте қаларлық әртүрлі қуанышты жағдайлар болды. 70-жылдардың басында болған бір қуанышты оқиғаны айтайын. Бір күні деканның орынбасары Ұлан Хұсаинұлы бірнеше жас жігітті кабинетіне шақырып алып: «Қазір сендер факультеттің барлық аудитория, лаборатория, шеберханаларын аралап, онда отырған адамдардың біріне мынадай хабарлама таратыңдар: «Бүгін сағат 13:00-де факультеттің барлық қызметкерлері университеттің бас корпусының алдындағы алаңға жиналсын» деп тапсырма берді. Бес минут өтпей факультет есігін сыртынан кілттеп, Панфилов-Киров көшелерінің қиылысындағы бас корпусқа ағылдық. Біз бас корпусқа жеткеннен кейін 10 минут өткенде сол кездегі ҚазМУ-дың партия комитетінің бірінші хатшысы Ю.А.Кузнецов шығып, қолындағы дауыс ұлғайтқыш арқылы елді тынышталуға шақырды. Жұрт тым-тырыс. Кузнецов қолындағы бір жапырақ қағазға жазылған телеграмманы оқып шықты:

«Сегодня председатель Совета Министров СССР товарищ Косыгин подписал постановление Правительства СССР о выделении земельного участка в г. Алма-Ата площадью 93 гектара для строительства КазГУграда».

Ректор Ө.А.Жолдасбековтің қолы қойылған. Осылайша біз ҚазҰУ қалашығының жері бөлінген сәтке куә болдық. Бұл өмір бойы менің жадымда сақталып қалды. Бүгінде әлемдік озық университеттер қатарынан орын алып отырған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстаздарын, студенттерін 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

 

Айжан

МУЛДАГАЛИЕВА, доцент кафедры иностранных языков, кандидат филологических наук:

– Кафедра иностранных языков официально стала самостоятельной структурой университета им. С.М.Кирова в 1959 году. Первым заведующим кафедрой был к.ф.н., доцент Ефим Моисеевич Шварцман. Преподавательский состав состоял в основном из выпускников институтов иностранных языков Москвы, Ленинграда, Киева, Минска, а позднее – университета имени Абылай-хана, ранее известного как Алма-Атинский институт иностранных языков. Это был сплоченный коллектив единомышленников, любящих свою профессию и своих студентов. Как и в настоящее время, преподаватели кафедры занимались научной работой, писали методические разработки, давали открытые уроки, проводили методические семинары, участвовали в университетских конференциях, активно проводили воспитательные мероприятия со студентами, повышали свои методическую и языковую квалификации и т.д. В этом году исполняется 43 года как я тружусь в КазНУ им. Аль-Фараби. Мне всегда было комфортно работать в этом коллективе. Это – коллектив высококомпетентных профессионалов, глубоко порядочных людей, требовательных к себе и студентам.

Пусть Казахский национальный университет им Аль-Фараби развивается, крепнет и процветает, готовит будущих кадров – профессионалов, которые смогут успешно конкурировать на рынке труда в Казахстане и за рубежом. Поздравляю всех коллег, работников университета с 90-летним юбилеем!

 

Жанғара ДӘДЕБАЕВ, филология ғылымының докторы, профессор:

– Ұлттың ұлық университетінің құрылғанына 90 жыл болды, Қазақстан тәуелсіз жаңа мемлекет ретінде қалыптасып, түрлі бел-белестерден өтті, жетістіктерге жетті. Осы жетістіктердің баянды, игілікті болуына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ айрықша зор еңбек сіңірді. ҚазҰУ ұлттық жоғары білім мен университеттік ғылымның жаңа жүйесін қалыптастырып дамытуда, заман талабына сай инновациялық өнім өндіруде, халық шаруашылығы үшін жоғары білімді, жоғары білікті мамандар даярлауда, Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетінің қарыштап өсуі, елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюы жолында ерен еңбегімен дараланды. Мұндай ерен еңбектің, жасампаз күштің қайнар көзі –
университеттің оқытушы-профессорлар корпусы. Жарты ғасырымды есігін ашып, аудиториясына кіріп, өзім білім алып, білім өндіруге, жастарға білім беруге арнаған университетіме, білім берген ұстаздарыма, қатар қызмет еткен замандастарыма, кейінгі жастарға шексіз құрметімді білдіремін. Мыңдаған профессорлар мен оқытушылар ұжымын, студенттер мен барлық білім алушыларды ҚазҰУ-дың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,

профессор, филология ғылымының докторы:

 

– Тәлім мен тәрбиенің алтын бұлағы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 90 жылдық тарихында үлкен тарихи белестерден өтті. Ұстаздарымның барлығы атақтары алысқа кеткен, аңызға айналған, қазақ білімі мен ғылымының қаймақтары еді... Қазақ әдебиетін әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемдік деңгейге алып шыққан суреткер қаламгер, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов 1934 жылдан бастап көз жұмғанға шейін, яғни 1961 жылдың жазына дейін табан аудармай, отыз жылға жуық университетімізде дәріс оқыды. Біз, 70-жылдардың студенттері, Мұхтар Әуезовтің көзін көрген жоқпыз. Алайда сол кемеңгер ұстаз болған Мұқаңның шәкірттері – профессорлар, академиктер: З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Б.Кенжебаевтың, Х.Сүйіншәлиевтің, Т.Нұртазиннің, М.Ғабдуллиннің дәрістерін тыңдадық.

Ұстаз ұлағаты, оның қасиетін жоғары бағалап, қадіріне жету, қастерлеп сақтау, оны жас ұрпаққа, әрбір жаңадан келген буынға аманаттау дәстүрі туған университетіміз ҚазҰУ-да терең жалғасып келеді. Мен осыған қуанамын. Биылғы 90 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтай отырып, алтын ұямыздағы ұлы дәстүрлердің арқауы үзілмеуін, алдағы ғасырларда да мәңгілік жалғаса беруін тілеймін!

 

Тамара  ШАЛАХМЕТОВА,

профессор, доктор биологических наук, член-корреспондент МАН ВШ:

– В условиях увеличивающегося техногенного воздействия на окружающую среду и ухудшения здоровья населения нам приходится осуществлять поиск и разработку перспективных лекарственных средств из растительного и природного минерального сырья Казахстана. Многие препараты, разрабатываемые химиками и фармакологами, прошли и проходят предклиническое испытание на модельных животных и в тестсистемах в лаборатории, которая была создана в КазНУ им. Аль-Фараби. При этом проводятся исследования по экспериментальному обоснованию применения новых препаратов – цитопротекторов, антиоксидантов, антимутагенов. Результаты этих исследований нашли отражение в совместных научных статьях и патентах РК.

Другим активно развиваемым и очень важным для республики научным направлением является исследования в области нейробиологии. Вместе с учеными из США, проводятся исследования по изучению клеточных механизмов нейродегенеративных заболеваний (болезнь Альцгеймера, инсульты) и осуществляется поиск эффективных нейропротекторов, а также разработка методик сочетанной клеточной терапии (стволовые мезенхимальные клетки и растительные антиоксиданты).

В канун 90-летнего юбилея разрешите пожелать всем сотрудникам и студентам доброго здоровья и больших успехов в продвижении нашего университета во всех мировых рейтингах!

 

Куралай БАЙЗАКОВА, профессор кафедры международных отношений и мировой экономики:

– С обретением независимости Республикой Казахстан встал вопрос об открытии новой специальности «Международные отношения», о подготовке новых дипломатических кадров для молодого государства. По инициативе профессора Ж.У.Ибрашева и профессора Г.Ш.Жамбатыровой в 1992 г. была открыта сначала кафедра международных отношений и внешней политики Республики Казахстан, а затем факультет международных отношений. 
В судьбоносное время для нашей республики, в трудные 90-е годы становления и развития системы высшего образования суверенного Казахстана нашему университету, повезло, что нашим ректором был К.Н.Нарибаев. Прежде всего, именно он добился присвоения университету имени известного ученого энциклопедиста Востока аль-Фараби. В тот период, когда самовыживание высшего образования казалось проблематичным, он выдвигал идеи реформирования и развития университета, да и в целом высшего образования Казахстана. Его реализм, учитывающий реальные возможности и потребности страны, позволили в условиях рыночной экономики и международной интеграции не только выжить, на и начать новый виток развитие нашего университета. 
Сегодня перед молодым поколением открываются прекрасные возможности, но и на них лежит большая ответственность за будущее нашей страны, за будущее ее международного имиджа. Хочу поздравить всех коллег с 90-летним юбилеем КазНУ! Желаю вам процветания и творческих успехов!