Шетелдік студенттер саны артып келеді

22 қаңтар, 2024

Бүгінде қазақ жастарының арасында білікті ма­ман болу үшін міндетті түрде шетелде білім алу ке­рек деген теріс көзқарас қалыптасқан секілді. Иә, шетелдік ЖОО тарихының терең екеніне, тиісінше материалдық базасы мен ғылымға құятын қар­жы­сының да қомақты екеніне дау жоқ. Дегенмен білікті мамандар тек шетелде ғана бар деу қате пікір. Бүгінде елімізде де жоғары білімді кадрларды даярлайтын оқу орындары жетерлік. ҚазҰУ да жыл сайын шетелдік ЖОО-лармен қоян-қолтық жұмыс істеудің арқасында әлемдегі танымал оқу орын­да­рында бар технологиялар мен мүмкіндіктерді сту­дент­теріне ұсынып отыр.

ҚазҰУ-да тұрақты түрде өт­кізілетін түрлі өнер бай­қаулары болсын, ғылыми жобалар байқауы болсын, студенттердің білімін шың­дап, ұстаздардың біліктілігін арт­тыруда оң әсерін ти­гі­зуде. Мұндай байқаулар сту­денттердің өмірін қы­зықты әрі белсенді етіп қана қоймай, жан-жақты да­муы­на жақсы әсер етеді.

Бүгінде ҚазҰУ-да жыл сайын шетелдік студенттер саны артып келеді – әлемнің 50 елінен 2,5 мыңнан астам шетелдік бакалавриатта, магистратурада және док­то­рантурада білім алуда. Бұл да болса университеттің студенттеріне жасаған жай­лы жағдайы мен берілетін сапалы білімнің бірден-бір көрінісі.

ҚР Үкіметінің қаулы­сы­мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетіне «зерттеу универ­си­теті» мәртебесі берілді. Бұл дегеніміз – енді ЖОО әлем­дік деңгейдегі зерттеу уни­верситетіне айналып, халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнын алады деген сөз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-25 жылдарға ар­нал­ған ғылыми және ғы­лыми-тех­никалық жобаларын грант­тық қаржыландыру кон­кур­сында университет ға­лым­дары 75 жобаны жеңіп алуы осының дәлелі болса керек. Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалы ашылуы еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақ­тастықтың дәлелі емес пе?

Бір жыл ішінде ҚазҰУ бір­қатар индикаторлар бо­йынша позицияларын жақ­сарт­ты. 2013 жылдан бастап жыл сайын шығарылатын THE AUR рейтингі Азияның үздік университеттерін көр­се­теді. Биыл бұл рейтингке Азия өңірінің 1000-ға жуық университеті қатысты. Олардың арасында Синхуа уни­верситеті, Пекин уни­вер­ситеті, Сингапур ұлттық университеті, Гонконг уни­вер­ситеті сияқты т.б. әлемдік аты бар жоғары оқу орындары бар.

ҚазҰУ озық ғылыми ұйым­дармен және әлемнің танымал жоғары оқу орын­дарымен жемісті ын­ты­мақтастық пен коллабо­ра­цияның арқасында THE AUR рейтингінде өз позициясын нығайтты.

Әлемдік ЖОО бір по­зи­цияға жылжу үшін бірнеше жылды сарп ететінін ес­кер­сек, біздің ҚазҰУ-дың бір жыл ішінде бірден 50 по­зи­цияға жылжып, жақсы нә­ти­же көрсетуі үлкен көрсеткіш.

Сонымен қатар ҚазҰУ Білім сапасын қамта­ма­сыз­дандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAARanking) рей­тингінде отандық ЖОО-лар арасында бірінші және үздік университет болып та­ныл­ды.

Қарлығаш АЙСҰЛТАНОВА,

ф.ғ.к.