ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ СИМВОЛЫ

26 наурыз, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мере­ке­міздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жа­ңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыс­ты­рып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін ны­ғай­та түсуге ықпал етеді деп сенемін», – деген болатын. Осы орайда, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың қазіргі за­ман­ға сай тұтастық пен бірлікке қызмет ететін жолы қан­дай болу керек?» деген сұрақпен қара шаңырақ ҚазҰУ-дың профессор, ұстаздарының пікірін білдік. 

 

МЫҢЖЫЛДЫҚТАРҒА ЖАЛҒАСҚАН ӘЗ НАУРЫЗ

ҚР Президенті Қасым-Жо­март Кемелұлы Тоқаев өзінің әр сұхбатында не болмаса жол­дауларында ұлттық бол­мыс, тарих, әдебиет, мәде­ниет­ті назардан тыс қалдыр­май­ды. Соның бірі соңғы бер­ген сұхбаты аясында да аталмыш салалар айтылмай қал­мады. Президент сұхбат барысында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы», – дей келе, түбі бір түркі халық­та­рына ортақ Әз Наурыздың тарихи маңыздылығын астын сыза айтады.

Расымен, неше мыңжыл­дық­тарға жалғасып, халқы­мыз­дың ғұрпы ретінде сана­сына сақталып, ғасырлық жа­дына жатталған Әз Нау­рыз­дың тарихи танымы тереңде жат­қаны анық. Наурыз ме­ре­кесінде тек күн мен түннің те­ңеліп, соны тойлау ғана мақсат емес. Көшпенділік пен оты­рық­шы­лықты қатар ұстаған ата-бабаларымыздың қолы көкке жетіп, қыстай көрмеген жақын­да­рымен бас қосып, жеті дәм­нен жасалатын қасиетті нау­рыз­көжені дайындап, бас қо­суы болса керек.

Наурыз мерекесін тойлауда үлкен философиялық астар жа­тыр. Этнографияны, та­рих­ты, әдебиетті жақсы меңгерген да­на халқымыз өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға деген жоспарларымен бөлісіп, ел іргесі жөніндегі мәселелерді ортаға салып отыратын.

Аталмыш Наурыз мерекесі әр кезеңде әртүрлі мере­келен­генімен, негізгі бағытынан ауған жоқ. Дегенмен ысырап­шы­лдыққа жол бермей, орта жолды ұстанғанымыз абзал.

Қара шаңырақ университе­ті­мізде де қаншама жылдан бері Әз Наурыз жоғары дең­гейде ұйымдастырылып келе­ді. Ректораттың бастамасымен же­келеген факультеттер ақ үй тігіп, түрлі дәмдер дайын­дай­ды.

Түбі бір түркі халықтарының ортақ мерекесі – Әз Наурыз мей­рамы баршаңызға құтты болсын!

Жақыпбек АЛТАЕВ,

философия ғылымының докторы, Философия кафедрасының профессоры,

«Парасат» орденінің иегері

 

 

МЕРЕКЕНІҢ МАЗМҰНЫНА МӘН БЕРСЕК...

Наурыз мерекесі қоғамдық-саяси факторларға байла­ныс­ты 1926-88 жылдар ара­лы­ғын­да тойланбады. Бірақ ел ара­сында Наурыз мерекесін атап өтіп жатқанымен, өзінің маз­мұндық сипатынан айы­ры­лып қалу қаупі төнген еді. 1988 жылдан бастап Наурыз ме­ре­кесі тойланып келеді. Киіз үй тігі­ліп, мол дастархан жа­йы­лып, наурызкөже т.б. ұлттық та­мақтармен және ойын-сауық көр­сетумен ғана шектеліп қалды. Мейрамның мазмұны мен өткізудің жаңаша сипат­та­рын өзгертуді уақыт өзі талап етіп отыр.

Мемлекет басшысы Қ.То­қаев өз сұхбатында Наурыздың жа­ңару мен жаңғырудың сим­волы және бұл мерекенің маз­мұнын байытып, жаңаша атап өтуге сенім білдірді. Қазіргі түр­лі қоғамдық факторлар әлем­нің шыныдай «нәзік» еке­нін көрсетіп отыр. Осындай «нә­зік қоғамда» өмір сүріп жат­қан халқымыздың ұлттық бір­лігі мен татулығының шынайы кө­рінісі жаңа күннен басталса де­ген үмітпен Наурыз мере­ке­сіне жаңаша мазмұн мен мән беру керек.

Бұл мерекені бір күн ғана тойламай, 14 наурыздан бас­тап, 23-іне дейін атап өтілсе, сон­да халық бұл мерекенің аза­маттық мереке екенін мо­йын­дап, бағалай білер еді. Қо­ғамның әртүрлі аясында еңбек етіп жатқан ғалымдарды, жеке кәсіпкерлерді, елімізге пайда әкелген танымал тұлғаларды халыққа насихаттап, таныс­тыр­са деген ойдамыз. Қазір бел­гіленген уақыт аясында ға­на таратылып жатқан медальді бер­мей-ақ, белгілі бір бағыт бо­йынша маңдай терімен ең­бек­тенген, мемлекетке өзіндік үле­сін қосқан жандарды ха­лық­қа танытатын арнайы іс-ша­ралар өткізілуі керек. Нау­рыз – «жаңа күн» табиғаттың жа­ңаруы мен адамзаттың ел­дік, бірлік, берекелік, ина­бат­ты­лық, адамгершілікке, ізгі­лікк­е баулитын ырыс-құт мез­гілі, үміт пен сенімнің, із­гі­лік пен түсіністіктің мерекесі жаңа түр мен мазмұнмен өр­нек­телсе болар еді. Ол үшін 14-22 наурыз күндеріне арнайы мемлекет тарапынан бекітілген іс-шаралар жүргізілсе, халық бұл мерекенің жалпыхалықтық азаматтық атрибуттарын баға­лап, ұлтымыздың ұйым­шыл­ды­ғын, бірегейлігін, ел бірлігінің ең мықты екенін сезініп, сонда еліміздің әрбір азаматы өз елінің болашағына үлкен сенім білдіре алады.

Дина ӘЛКЕБАЕВА,

филология ғылымының докторы, профессор

 

ЖАСТАРҒА ДӘСТҮРДІ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН ӘСЕР СЫЙЛАЙЫҚ

Наурыз мейрамының мазмұнын салт-дәстүрді, елдік, этностық құн­дылықтарды насихаттаумен бірге, көшені, ауланы алдын ала та­залау, ағаш көшеттерін егу, ауыл­дық жер­лер­де – көктемгі егін егу мақ­са­тында түрен (соқа) салу, төрт түлік мал түрлерін өріске ай­дап, далада мерекелік, ғұрыптық шаралар өт­кі­зуді ұйымдастыру қажет.

Қалалық жерлерде ұлттық та­ғам түрлерін арнайы бөлінген жер­лер­де дайындау, ұлттық тағам түр­лері мен сусындарынан дәм та­ту, ұлттық қолөнер туын­ды­ла­ры­нан көшпелі көрмелер көрсету, ұлт­тық спорт түрлерін көпшілікке паш етіп, қызықтаушыларды сол ойындарға қатыстыру шараларын жүзеге асыру керек.

Бүгінде еліміздің әртүрлі өңір­ле­рінде Наурыз мерекесінің ата­лып өту ерекшеліктері көрініс та­буда. Солтүстік, орталық, шығыс өңір­лерде наурыз айында күннің жылынбауы мерекелік көңіл күйге сәйкес келмей тұратыны айғақ. Оң­түстік өңірлерде, егіншілік да­мы­ған аймақта наурызкөженің да­йындалуының ерекшеліктері кө­рі­ніс табады. Ерекше атап өтетін өңір­ге Батыс Қазақстан аймағы жа­тады. Бұл өңірде Наурыз ме­ре­кесін қарсы алу наурыздың 13-інен 14-іне қараған түні басталады. Амал мерекесі, Көрісу күні деп аталатын бұл мерекеге жергілікті жұрт ерекше дайындықпен келіп, ме­рекелік көңіл күй шабытпен өтеді. Батыс аймақта ересек адам­дардың, жас келіндер мен әйел адамдардың ұлттық киімде жү­руі ұлттық калоритке ерекше екпін береді. Мұны көрген жас ұрпақ ұлттың ерекше бітіміне сай тұстарына көңілдері толатындай, өскенде осы дәстүрді өздері жалғастыратындай әсерді бойына қа­лыптастырады. Ерекше аталып өтетін бұл мерекеде еліміздің бар­лық өңірлерінде бірдей – үлкен-кіші, мемлекет қызметкерлері, мек­теп мұғалімдері мен оқушы­ла­ры ұлттық киім кию арқылы ме­ре­кенің сәнін келтірулері қажет деп есептеймін.

Наурыз мейрамын еліміздегі түр­лі этнос өкілдерінің ынты­ма­ғы­на, берекесіне айналдырудың те­тігі ретінде әлеуметтік желілерде түр­лі роликтер көрсету, өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе үлкен кісілерге ұлттық киім түрлерін сыйға тарту, ұлттық спорт түрлеріне қатыстыру, қазақша әндер конкурсын, қазақ тойында көрсетілетін әдет-ғұ­рып­тар мен би конкурстарын ұйым­дас­тырған жөн. Қазір қазақ тілінде орындалатын заманауи әндердің БАӘ, Вьетнам, ҚХР, Оңтүстік Ко­рея және т.б. елдерде трендке айналып жат­қанын өз елімізде тұратын эт­ностарға да танымал етуді ой­лас­тырған жөн.

Еділ НОЯНҰЛЫ,

тарих ғылымының кандидаты,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

 

ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК ЖӘНЕ БЕЙБІТШІЛІК МЕЙРАМЫ

 

Наурыз – қуаныш пен сүйіспеншілік сыйлайтын, өмірге сән беріп, бірлік пен ізгілікті насихат­тай­тын қайталанбас, жар­қын, жаңару мерекесі. Қа­зіргі таңда аса ма­ңыз­ды тақырып ретінде тал­қы­ланып келеді. Наурыз ме­рекесі дүниежүзі ха­лықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында орын алғаны белгілі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мей­ра­мы түрлі ұлт өкілдерінің ын­тымағы, татулығы. Ме­нің ойымша, Наурыз – та­ту­лық, бірлік және бей­біт­шілік мейрамы.

Президентіміздің төл мерекемізді жаңа фор­мат­та атап өту пікірін ұсы­ну себебі – Наурыз ме­рекесінің тамыры өте те­рең, тарихымызда Нау­рыз мерекесін тойлау 8-9 күнге жалғасқан екен, ха­лық оны «Наурызнама» деп атапты. Бұл туралы та­рихи деректер ұлы фи­ло­­соф, жазушы­лары­мыз Махмұд Қашғаридің, Мәш­һүр Жүсіп Көпей­ұлы­ның, Абай Құнан­бай­ұлы­ның, Мұхтар Әуезов­тің және т.б. еңбектерінде жа­зылған екен. Мемлекет бас­шысының сарабдал пі­кірі еліміздің береке-бір­лігін сақтап, ынты­мақ­тас­тығымызды нығайтып, Нау­рыз мерекесін жал­пы­ха­лықтық етіп жаңаша той­лауға көзделген. Жа­ңа форматта өтетін Нау­рыз­нама онкүндігі жыл сайын 14-23 наурыз ара­лы­ғында өтетін болады. Нау­рыздың бірегей ло­готипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағы атса­лы­са­ды. Жаңа дәстүрде өте­тін төл мерекеміз жас­та­рымыз бен өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен тәр­биелік мәні бар, сон­дай-ақ еліміздің мәрте­бе­сін де халық­ара­лық сая­си аренада көтереді.

Сафура БӨРІБАЕВА,

халықаралық қатынастар факультетінің

 аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Дайындаған Нұрбек Нұржан