
2024 жылдың 27-наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркология және тіл теориясы кафедрасының "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша 3 курс студенттері “Жауапты тұтыну және өндіріс" бойынша Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мақсатында "Жауапты тұтыну және экология" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында студенттер ресурстар мен энергияны тиімді пайдалануды насихаттау және ынталандыру мәселелерін көтерді, бұл қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Студенттер ресурстарды пайдалану көлемін азайту арқылы "азырақ құралдармен көбірек және жақсырақ өмір сүруге болатындығына" назар аударды.
Ұйымдастырушы: түркология және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Картабаева А. А.
Басқа жаңалықтар

16 мамыр, 2025

16 мамыр, 2025

16 мамыр, 2025