Білім берудің жаңа парадигмасына сай оқыту – заман талабы
Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын түрлі әс-шараларды өткізуге мұрындық болып жүр. Тұрақты даму мақсатының 4-бөлімі саналатын Сапалы білім беру негізінде наурыздың 28-ші жұлдызында «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Өтеміс Айгүл Сәкенқызының «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен ашық семинар сабағы өтті. Пән оқытушысы, аға оқытушы Шортанбай Шохан Амангелдіұлы мен педпрактика жетекшісі PhD, аға оқытушы Э.С. Сейсенбиева. Ашық сабақ «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курстың 301-топ студенттері арасында өтті. Ашық семинар сабағының тақырыбы: «Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романындағы монолог пен диалог». Докторант сабақ өту барысында студенттерді 3 топқа бөлді: «Жалын», «Ақиқат, «Сана».
Ұйымдастыру кезеңін ойдағыдай аяқтап, сабақтың бірінші кезеңінде студенттер жоғарыда аталған топ бойынша интерактивті тақта алдында постер қорғады (Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы хақында пікірлер, автордың қаламгерлік қолтаңбасы туралы пікірлер талданды). Сабақтың екінші кезеңінде интерактивті тақтаның көмегімен Б.Мұқайдың «Өмірзая» романына қатысты видео көрсетілді. Студенттер бейнематериалға қатысты өз ойларымен бөлісті. Сабақтың шінші кезеңінде рефлексия түрінде «Б.Б.Б.» әдісі қолданылды. Бұл әдіс бойынша аталған романға келесідей «Бұрын. Бүгін. Болашақ» деген сауал төңіріегінде ой-қорытындыларын білдірді. Яғни романның идеялық мән-мазмұны бұрын қанддай сипатта танылды, бүгінде қалай оқырман сезініп оқып жүр және болашақта романға қатысты қандай көкейкесті мәселелер болуы мүмкін деген ой-түйіндерімен бөлісті. Ашық семинар сабағы сәтті әрі ойдағыдай өтті.