Ақпараттандыру кезеңіндегі кәсіби кітапханашының келбеті
29 наурыз, 2024
ТДМ. 4 Сапалы білім
2024 жылдың 29 наурыз күні «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушылары, т.ғ.к. Асанова Б.С., PhD Тулешова У.Ж және «7М03206-Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының 1 курс магистранттары, студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстанда «Тұрақты даму мақсаттарын» іске асыру барысына арналған "Сапалы білім беру: ақпараттандыру кезеңіндегі кәсіби кітапханашының келбеті " атты дөңгелек үстел өткізілді.
14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: кедейлікті жою, аштықты жою, жақсы денсаулық және әл-ауқат, сапалы білім беру, таза су және санитария, қымбат емес және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
Мақсаты: Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру жағдайындағы кәсіби кітапханашы мамандығына деген сұраныстың артуын және мамандықтың заманауи келбетін қалыптастыру тұрғысындағы кітапхананың алатын рөлін айқындау.
Дөңгелек үстел барысында кафедраның профессор-оқытушы құрамы, А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері және білім алушылар өз ой-пікірлермен бөлісіп, кітапханалардың қазіргі таңдағы сұранысқа ие болуы, кітапханашы мамандығының имиджі мен заманауи қызмет көрсету үлгісі бойынша мәселелер талқыланды.
Іс-шара өткен орны, уақыты: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана,15:00-16:30.
Басқа жаңалықтар
5 ақпан, 2025
5 ақпан, 2025
5 ақпан, 2025