Ақпараттандыру кезеңіндегі кәсіби кітапханашының келбеті

29 наурыз, 2024

ТДМ. 4 Сапалы білім

2024 жылдың 29  наурыз күні «Дүние  жүзі  тарихы,  тарихнама  және  деректану  кафедрасының аға оқытушылары, т.ғ.к. Асанова Б.С., PhD Тулешова У.Ж және «7М03206-Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының  1 курс магистранттары, студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстанда «Тұрақты даму мақсаттарын» іске асыру барысына арналған "Сапалы білім беру: ақпараттандыру кезеңіндегі кәсіби кітапханашының келбеті " атты дөңгелек үстел өткізілді.

14  қарашада  2006   жылы  ҚР  президентінің  жарлығымен   еліміз  үшін  аса  маңызды  саяси  құжат   дайындалды.  Ол  ҚР  2007-2024  жыл  арасында  тұрақты  дамуға  өту  жөніндегі  концепциясы. Бұл  қабылданған  концепция  теңсіздіктер  мен   сәйкестікті  жоюға  арналған  құжат  болып  саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: кедейлікті жою, аштықты жою, жақсы денсаулық және әл-ауқат, сапалы білім беру, таза су және санитария, қымбат емес және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу.

Мақсаты: Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру жағдайындағы кәсіби кітапханашы мамандығына деген сұраныстың артуын және мамандықтың заманауи келбетін қалыптастыру тұрғысындағы кітапхананың алатын рөлін айқындау.

Дөңгелек үстел барысында  кафедраның профессор-оқытушы құрамы,  А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері және  білім алушылар өз ой-пікірлермен бөлісіп, кітапханалардың қазіргі таңдағы сұранысқа ие болуы, кітапханашы мамандығының имиджі мен заманауи қызмет көрсету үлгісі бойынша мәселелер талқыланды.

Іс-шара өткен орны, уақыты: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана,15:00-16:30.