Кувейт университетінде білім алуда

1 сәуір, 2024

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің студенттері өздері оқып жатқан тіл елдерінде біржылдық тәжірибеден өтеді. Тілдік тәжірибе барысында оқу бағдарламасына сәйкес, сол елдің университетінде өтетін оқу пәндерімен қатар, студенттер өздерінің қалауы бойынша «қашықтан оқу» пәндерін таңдайды. Бұл үрдіс осы уақытқа дейін тиімді пайдаланылып келеді. Ал қазіргі жағдайға келер болсақ, біздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз үшін қашықтан оқытудағы тәжірибеміз пайдасын тигізуде.

Мәселен, менің тобымның 3-курс студенттері Кувейт уни­вер­ситеті мен Кувейт мем­ле­ке­тіндегі  Қазақстан елшілігі ар­қылы екіжақты келісімшарт бойынша араб тілінен тілдік тәжірибеден өтеді. Биылғы оқу жылында да  араб тілін оқуға  студенттерімізге елшілік ар­қылы және сол елдегі Қазақ­стан Республикасының төтен­ше және өкілетті елшісі Азамат Бердібайдың  қолдауымен екі грант бөлінді. Бұл грантты оқу үлгерімі, қоғамдық белсенділігі бойынша ең үздік деп танылған екі студент – «Шығыстану» ма­ман­дығының 3-курс сту­дент­тері Әсем Ерланова мен Наз­ер­ке Наурызғалиева иеленді. Олар Кувейт университетінде оқып жүріп, ҚазҰУ-дағы са­бақ­тарын «қашықтан оқыту» бо­йын­ша оқи алады. Біздің уни­верситетте бұған барлық жағдай жасалған. Бұл жерде сту­денттерге әр пәннен кре­дит­терді таңдау құқығы бе­ріл­ген, олар таңдап алған пән­де­рінен тапсырмаларды ин­тер­нет жүйесі арқылы алып, көрсетілген мерзімде жауабын жіберіп отырады. Ал оқыту­шы­лар олардың тапсырмаларын интернет жүйесі арқылы тексеріп бағалайды. Студент­тер тілдік тәжірибеден келген­де алған бағалары қорытылып, нәтижелері шығарылады.

Демек, «қашықтан оқыту» жүйесі студенттер үшін өте тиім­ді. Себебі мұндай  жүйе бұ­рын болмаған кезде сту­дент­тер тілдік тәжірибе кезінде өте алмаған пәндерін кейін тілдік тәжірибеден өтіп келгеннен соң оқитын. Ол кезде білім алушылар  бір жыл уақытын жо­ғалтатын. «Қашықтан оқы­ту­дың» басты тиімділігінің өзі осында. Куратор-эдвайзер сту­денттері шетелде жүрсе де, оның сабағы мен тәрбиесіне жауапты. Мысалы, мен өзімнің іс-тәжірибем бойынша айтар болсам, студенттер шетелге шы­ғар алдында тәрбие саға­тын­да олардың шетелде өз­дерін қалай ұстап, қалай жүріп-тұру ұстанымы жөнінде әңгіме өт­кіземін.  Құжаттарына кө­мек­­тесем, бұрын олардың ал­дында болған студенттердің пі­кірлерін тыңдатам, сөйтіп, олар жан-жақты хабардар бо­лады. Сондай дайындықпен бар­ған студенттерге ол жақта оқып, өмір сүру жеңілірек бо­ла­ды. Белсенді студент қай жер­де жүрсе де белсенді. Ку­вейт университетінде оқып жүр­ген екі студентіміз – Әсем Ер­ланова мен Назерке Нау­рыз­ғалиева сол жерде де қо­ғам­дық жұмысқа белсене ара­ласады. Онда әлемнің бірнеше мемлекетінен келген студент­тер­дің ісімен айналысатын студенттер ұйымы бар.

Биылғы барған студент­те­ріміз де өздерін жақсы қы­ры­нан таныта білді. Интернет ар­қы­лы олармен жиі сөйлесіп оты­рамыз, ақыл-кеңесімді ай­та­мын, мазалап жүрген кез келген мәселелерін тың­дай­мын. Студенттеріміз Кувейт мемлекетіндегі Қазақстан Рес­публикасының елшілігімен де тікелей байланыста. Мысалы, Тәуелсіздік мерекесіне орай, сол елдегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі Азамат Рах­ман­құлұлының қабылдауында бол­ды. Елші студенттерді жылы қабылдап, олардың қал-жағ­дайларын сұрап, ақыл-кеңесін берді. Студенттер шетелде оқып жүрсе де, елде болып жат­қан жағдайлардың бар­лы­ғы­нан хабардар. Олар елші­лік­те өтетін барлық іс-шараға бел­сене қатысады. Елшілік та­рапынан да оларға үнемі қол­дау жасалады. Міне, осының өзінен-ақ олардың өз Отанын сүйетіндерін, осы елдің аза­маты екеніне мақтанатынын кө­руге болады. Ал біз, ұстаздар қауымы, берген білім мен тәр­биеміздің аз да болса нә­ти­жесін көре алсақ, еңбегіміздің еш кетпегені.

Фарида ЖҰМАЖАНОВА,

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 3-курс куратор-эдвайзері