Б.Н. Ельцин атындағы Орал федерациялық университетінде (УрФУ) (Екатеринбург қаласы) ғылыми тағылымдама

27 наурыз, 2024

ТДМ-4 «Сапалы білім беру» аясында 2024 жылдың 16 наурызы мен 27 наурызы аралығында «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы» кафедрасының 2 курс магистранттары Дубровский Владислав, Балабаева Айдана және Құрманова Жұлдызай РФ-ның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі – Ресейдің тұнғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федерациялық университетінде (УрФУ) (Екатеринбург қаласы) ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталмыш оқу орны QS World University Rankings рейтингінде 350 үздік әлемдік университеттердің қатарына кіреді. Магистранттарды х.ғ.д., Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Леонидович Русинов өте жылы қарсы алып, Химия-технологиялық институтының Химия-фармацевтикалық технологиялар ғылыми-білім беру және инновациялық орталығының органикалық синтез зертханасы мен және органикалық және  биомолекулярлық химия кафедрасы жұмысының  негізгі бағыттарына тоқталды. Х.ғ.д., профессор Зырянов Григорий Васильевич - ғылыми тағылымдаманың жетекшісі - Институт бойынша экскурсия өткізді. Жас ғалымдарымыз  Институттың үлкен ғылыми-өндірістік алаңы және қуатты ғылыми-техникалық базасы бар екенін атап өтеді. Институт түрлі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырады, атап айтқанда, ҒЗИ қабырғаларында перспективті хемилюминисцентті лигандтарды синтездеу, ауруларды жедел анықтау және адамның биологиялық сұйықтықтарындағы әртүрлі биохимиялық көрсеткіштерді анықтау үшін датчиктерді әзірлеу, жаңа вирусқа қарсы, ісікке қарсы, Паркинсон ауруына қарсы препараттарды модификацилау жұмыстрда іске асыруда.  Синтетикалық зерттеулер жақсы үйлестірілген: жаңа қосылысты оның таза түрінде алғаннан кейін, зерттеушілер оны институттың микробиология зертханасына тапсырады, онда биологтар жаңа қосылыстың әртүрлі жасуша дақылдарында клиникаға дейінгі in vitro сынақтарын жүргізеді және олар үшін ең перспективалы заттарды таңдайды. Егер фотоника саласында қолдану үшін жаңа қосылыс алынса, оның фотофизикалық қасиеттері зерттеледі. Сонымен қатар, институтта технологиялық регламентті химия-фармацевтикалық зауыттарға беру үшін жаңа органикалық қосылыстар синтезін пысықтау мен масштабтаудың үлкен зертханасы да бар. Тағылымдама кезінде біздің магситранттарымыз өздерінің жоспарланған ғылыми жұмыстары бойынша бірқатар жұмыстарды орындады - олар синтездеген қосылыстардың ЯМР- және масс- спектрлерін түсіріп, гидрогельдер алды, олардың құрылымы мен қасиеттерін ИҚ-спектрометр мен сканирлеуші электронды микроскоптың (SEM) көмегімен зерттеді, сондай-ақ алынған гидрогелдің бактерияға қарсы белсенділігі зерттелді. Магистранттар  тағылымдамадан өту барысында жан-жақты көмек көрсетіп, кеңес берген профессор Г.В.Зыряновқа алғыстарын білдіреді. Жалпы тәлім алушылар тағылымдаманы өте жемісті және қызықты деп бағалайды.