Қоршаған ортаға бақылау жасаймыз

5 сәуір, 2024

Адамзаттың тағ­ды­ры, өмір сүруінің са­па­сы әрқашан қор­шаған ортаға тәуелді екені ежелгі заманнан белгілі. Әри­не, ертеректе жер бетіндегі тұрғындар табиғатқа, Жер-анаға ерекше ілтипатпен қараған. Бірақ таби­ғат­та да, адам тіршілігінде де еш нәрсе өзгеріссіз, бір қалыпта тұра бермейтіні анық. 

Адамзаттың әлеуметтік-эко­­но­микалық дамуының бастап­қы кезеңінде табиғи күштер антропогендік әсерлерге қар­сы тұра алатын және оларды жеңе алатын. Демек, бұзылған тепе-теңдіктер қайта қалпына келетін. Ал бүгінгі күні табиғи күштердің осындай қабілеті таусылуға жақындады. Осы се­бептерден жер бетінде ауқым­ды экологиялық проблемалар қалыптасты: демографиялық (жер бетіндегі тұрғындар са­ны­ның экспоненциалдық түрде өсуі), энергетикалық (мұнай, газ, көмір қорларының азайып, таусылуға жақындауы), қорша­ған ортаның ластануы, жер бетіндегі экожүйелердің дег­ра­дациясы. ХХІ ғасыр бас­тал­ған кезде біздің планетамызда ауқымды экологиялық кризис қалыптасты. Адамзат өзінің іс-әрекеттерінің нәтижесінде био­сфералық процестердің тепе-теңдіктеріне әсерін тигі­зіп, олардың табиғи түрде жүру барысын бұза бастады.

Қоршаған ортаны қорғау қа­жеттілігі туралы Біріккен Ұлт­тар Ұйымы алаңдаушылықты 1972 жылы бастаған болатын. Ол кезде «экодаму» деген ұғым қалыптастырылып, жоғарыда аталған мәселелерге көңіл аударыла бастаған. Экодaму де­геніміз – aдaмдaрдың бa­қуaт­ты өмір сүру деңгейінің өсуі қоршaғaн ортa күйінің нa­шaр­лaуынa және тaбиғи жүйе­лердің бұзылуынa әкелмейтін экологиялық бaғыттaлғaн әлеу­меттік-экономикaлық дa­му.

Экодaмудың қағидаларына сай, жұмысты орындaу мaқ­сa­тындa aрнaйы құрылым «Қор­шaғaн ортa бойыншa БҰҰ бaғ­дaрлaмaсы» (ЮНЕП) ұйым­дaс­тырылды. Бұл құры­лым бұ­рын ұйымдaстырылғaн ЮНЕСКО «Aдaм және био­сфе­рa» бaғдaрлaмaсымен қызмет­тес­тікте өз жұмыстaрын жaл­ғaс­тырды. Соңынан «экодaму» идеясы «тұрaқты дaму» идея­сына ұлaсты.

«Тұрaқты дaму» түсінігі aнық­тaмa түрінде 1987 жылы «Біздің ортaқ болaшaғымыз» немесе «Брундтлaнд бaян­дa­мa­сы» aтты бaяндaмaдa қa­лып­тaсты. Осы түсініктің нақты анықтамасын келтіруді жөн көрдік: тұрақты даму («sustainable development») дегеніміз – қaзіргі ұр­пaқтың қaжеттіліктерін қaнa­ғaт­тaндырaтын және келер ұрпaқтың өз қa­жет­т­іліктерін қaнaғaттaндыру мүм­кіндік­те­рі­н­е қaтер төндір­мей­тін дaму.

Ал бүгінгі күні дүниежүзінде барлық бағдарламалар БҰҰ қабылдаған Тұрақты дамудың 17 мақсатын орындауға бағыт­та­лып отыр. Бұл 17 мақсат 2015 жылы 25 қыркүйекте БҰҰ-да 193 елдің қатысуымен 2030 жыл­ға дейінгі күн тәртібінде айқындалған.

Басқа елдердің қатарында Қазақстан да тұрақты даму мақ­сат­тарын (ТДМ) қолдай­ты­нын өкімет деңгейінде «ТДМ бойынша координациялық ке­ңес» құрумен көрсетіп отыр. Еліміздегі барлық іс-шаралар, ұлттық бағдарламалар осы мақ­саттарға қол жеткізуге ба­ғыт­талуда. 17 мақсаттың бар­лы­ғы да әлі де шешілмеген эко­номикалық, экологиялық мә­се­лелерді айқындайды. Бұл мақ­сат­тарды жалпыға арнал­ған үндеу деп те атауға болады. Се­бебі халықтың, табиғаттың жағдайына байланысты күрде­лі мәселелерді тек құжат­тар­мен, жарғылармен шешуге бол­майды.

Біз, жоғары оқу орында­ры­ның қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы, тұрақ­ты даму мақсаттарын іске асыруға атсалысудамыз. Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде ең ал­ды­мен барлық студенттерді 17 мақсатпен таныстырып, түсі­ну­ге шақырып, әрбір мақсатты талқылап, өз деңгейімізде іс-ша­ралар жүргізудеміз. Мыса­лы, біз шұғылданатын ғылыми жұмыстарымызда қолжетімді және таза энергияға толық қол жеткізуге бағытталған зерт­теу­лер орындалуда. Химия жә­не химиялық технология ма­ман­дығы бойынша док­то­ранту­ра­дағы тақырыптар сутектік энер­гетикаға, экологиялық та­за химиялық ток көздерін жасауға, демек, 7-ші мақсатқа қол жет­кізуге арналған. Сол сияқты химия және химиялық техно­ло­гия факультетінің Фи­зи­ка-хи­мия­лық талдау және зерт­теу орталығында қорша­ған ортаны бақылауға, таза ме­талдар алу­ға, өнеркәсіп өнім­дерін, ми­не­ралды және өсімдік ши­кіза­ты­ның тазалығын анық­тауға ар­налған зерттеулер жүр­гі­зілуде. Сонымен қатар бір­қатар ғалымдардың басшы­лы­ғымен химиялық ток көз­де­рінің әртүрлі нұсқалары ұсы­нылуда.

 Тұрақты даму мақсаттарын орындау тек ғылыми жұмыстар арқылы іске асырылмайды. Оқу процесіне де көптеген өзгерістер енгізілуде. Қор­ша­ған ортаның сапасын жақсарту, құрлықтағы экожүйелерді сақ­тау – бұл мәселелерді бірден шешу мүмкін емес екенін біз естен шығармаймыз. Сол се­бептен білім алушыларға элек­тивті пәндер ретінде «Жасыл химия», «Экологиялық қауіп­сіз­дік», «Өндірістік және эколо­гия­лық қауіпсіздік» пәндері бойынша дәрістер жүргізіледі. Осы пәндерді қазіргі заманның талабына сай жүргізу арқылы «сапалы білім беру» айда­рын­дағы мақсатты орындау, оның арасында экологиялық білім және экологиялық тәрбие қа­лып­тастыру, экологиялық са­уат­тылыққа қол жеткізу сияқты үлкен мәселелерді шешуге бо­лады.

Біздің қоғамымызда эколо­гия­лық сауаттылық әлі де аса жоғары деңгейде емес екенін мойындауымыз қажет. Көп­те­ген жиындарда түрлі мақсатта сөз алушылар елдің дамуы жайында мәліметтер бергенде «біздің экономикамыз тұрақты даму үстінде» дейді. Демек, олар «тұрақты даму» деген ұғым­ды аса түсінбейді. Соны­мен бірге «экология» деген ұғымды да қоғамда толық дұ­рыс қолданбайды. Көпшілік бір-бірімен сөйлескенде «қор­шаған ортаның сапасы тө­мендеді», «қоршаған ортаның са­пасы нашар» деудің орнына «экология» бұзылды, содан ау­ру болдым», «экология жаман, басым ауырып тұр» деп ойын білдіреді. Осындай себептерді ескере отырып, біз әрқашан тұрғындардың арасында эко­ло­гиялық сауаттылықты қам­та­масыз ету керек екенін естен шығармауымыз керек.

Ажар БАЕШОВА,

Жалпы және бейорганикалық химия

кафедрасының профессоры,

техника

ғылымының докторы