Абай ҒЗИ-да өткен танымдық іс-шара
Заманауи білім беру жүйесі тек теориялық білімді игеру ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлауды дамыту мен оны талдай білуге де үйретеді. Бұны Абай ғылыми-зерттеу институтында өткен танымдық кеш барысынан көруге болады. Шара барысында студенттерге шығармашылық шешеімді талап ететін әртүрлі тапсырмалар берілді. Бірнеше апта ішінде студенттер тек тәжірибе алып қана қоймай, болашақта өздерінің жеке және кәсіби өсуіне керекті дағдыларды игерді. Презентация дайындап, іс-шараға арналған сценарий және сұрақ-жауап жасады. Сонымен қатар, әр студенттің бойындағы талантты ашу мақсатында жеке тапсырмалар да берілді. Бұл тапсырманың жан-жақты орындалуына, тақырыпты толық ашуға және жұмысты бірігіп жасауға ықпалын тигізді.
Тапсырма бойынша шығарманы жәй ғана талдап емес, оны жан-жақты аша білу керек болатын. Студенттер қазақша-орысша синонимдер сөздігін құрды, бұл өз кезегінде қара сөздердің мәнін тереңірек ұғуға көмектесті. Аналитикалық ойлауды дамыту үшін шығарма бойынша сұрақтар дайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай өткен бұл шарада Абай ҒЗИ-да өндірістік тәжірибеден өткен «Орыс филологиясы» мамандығының 4 курс студенттерінің де үлесі мол болды. Шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында шешендік өнердің даму тарихы, негізгі түрлері және оны ғылым ретінде қарастыру түсініктері айтылды. Тыңдармандар Сократ, Аристотель және Платон сияқты ежелгі шешендермен жақынырақ таныс болды. Негізгі бөлім, сөзсіз, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде болды. Жай ғана өмірбаянын шолып емес, оның өмір сүру қағидасы мен қара сөздеріне тоқталды.
Қорытындылау барысында отырған көрермендерге өз білімін тексеру үшін сұрақ-жауап ойыны ұсынылды. Ойын 3 тілде өткізілді, сұрақтар белгілі шешендер, даналардың әйгілі сөздерімен байланысты болды. 3 курс студенттері білімдерінің жоғары дәрежеде екенін көрсетіп, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Тәжірибе жетекшілері, профессорлар Касымова Рашида Тәуекеловна, Мұсалы Ләйла Жұматайқызы және пән оқытушысы, профессор Сарсекеева Наталья Канталиевна қорытынды сөздерінде өндірістік тәжірибенің болашақта маман болуға септігі тиетіндігін, оның маңыздылығын атап өтті.
Осылайша Абай ғылыми-зерттеу институтында өткен 4 курс студенттерінің өндірістік практикасы теория мен практиканың табысты үйлесімін, сондай-ақ студенттердің шығармашылық ойлауы мен аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал ететін оқытуға инновациялық көзқарасты көрсетті.
Топ Абай ғылыми-зерттеу институтына өндірістік практикадан өту кезінде құнды басшылық пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.