ТДМ 13 – «Жаhандық жылыну». Картография және геоинформатика кафедрасы
Наурыз айының 28 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 3 курстарының ұйымдастыруымен ТДМ 13 – «Жаhандық жылыну» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Соңғы уақыттары Жер шарында климаттың үлкен қарқынмен өзгеріп жатқанын байқауға болады. Әлемнің бір нүктесінде қар түсіп аяз орнаса, енді бір жерде аномалиялық аптап ыстық болып тұр. Климаттық өзгерістер айқын көрініс табуда.
«Жаһандық жылыну». Бәріміз естіп жүрген ұғым. Алайда күнделікті өмірде әсіресе соңғы уақыттары қолданыста жүрген бұл ұғымның астарында біз ойламаған шындық жатыр...
Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды құрту, жанартаулардың атқылауы ғаламдық жылынудың басты себептері болып табылды.
Жаһандық жылынудың себептері.
-Жер шарындағы Күн белсенділігінің артуы. Жалпы жер бетіндегі климаттық өзгерістердің барлығы тікелей Күннің белсенділігіне байланысты.
-Адам қолымен жасалған әрекеттері. Өнеркәсіп, кәсіпорындар жұмысы, көліктердің шығаратын көмірқышқыл газы атмосферада көп мөлшерде жиналып қалады. Жерге түскен Күн сәулелерінің әсерінен көмірқышыл газы сейілмей ғаламшар қатты қызып кетеді. Көмірқышқыл газынан басқа жаһандық жылынуға әсер ететін басқа да газдар бар. Олар метан, азот оксиді және т.б сияқты газдар адам қолымен жасалады.
-Климаттың өзгеруіне әсер ететін бірден бір себеп- мұхит. Мұхиттағы ауа циркуляциясы өте аз зерттелген. Мұхиттағы орташа ауа температурасы 3,5 цельси градус екені белгілі. Судың құрамындағы көмірқышқыл газдар атмосфераға барады.
Біздің ғаламшарымыз қызып жатыр. Осы қызу-жер шарының мұз бөлігіне апаттық деңгейде әсер етуде. Ауа температурасы көтеріліп мұз еріп жатыр. Мұхит деңгейі осыдан 100 жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе жылдам көтерілген.
Жаһандық жылынуды алдын-алу.
Адам Жер ғаламшарының климатын өз бақылауына алады деген көзқарас бар. Қаншалықты рас? Оны әрине уақыт көрсетеді. Қазіргі кезде жаһандық жылынуды алдын-алу үшін тың идеялар айтылып, тәсілдер ойластырылуда. Энергорессурстарды пайдалану мәселесі, парниктік газдарды, соның ішінде көмірқышқыл газының атмосфераға таралуына тосқауыл болуға әсер ететін әдіс-тәсілдер бар. Мәселен, парниктік газдардың ауаға таралуын тежеу – организмдерді жерлеу мен жасанды ағаштарды пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Әрине, мұндай құрылғыларды жасап шығару үшін уақыт пен қыруар қаражат керек.