ҚазҰУ профессоры Испания мұрағаттарында түркі тарихын зерттеуде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымының докторы, Дүниежүзі тарихын зерттеу бойынша республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик Қалқаман Жұмағұлов Мадридтен, Испаниядан ғылыми іссапардан оралды. Бұл ғалымның Biblioteca Nacional (Ұлттық кітапхана), сонымен қатар испандық астанадағы кітапқорлары, фондтар мен мұрағаттарда жұмыс жасау үшін жасалынған Испанияға бірінші сапары болып табылады.
Ол «Батыс тарихи-мұрағаттық деректері негізіндегі Еуразияның түркі әлемі (V-XIV ғғ.)» бағдарламасы негізінде Батыстағы Ғұн империясының тарихы, антикалық кезең мен орта ғасырлар тоғысындағы халықаралық қатынастар бойынша ерекше материалдар тапты. Бұл ең алдымен латын тіліндегі келесі авторлардың сирек кездесетін хроникалары: Isidorus Hispalensis. Historia Gothorum; Liber numerorum Le livre des nombres; Junioris episcopi Hispalensis Chronica Maiora. Orosius Paulus. Historiarum adversum paganos libri VII. Hydatius Lemicius. Continuatio chronicorum Hieronymianorum ad a. CCCCLXVIII.
Бұл сирек кездесетін латын тіліндегі деректер Ғұн державасының тарихын 451 жылғы белгілі Каталаун шайқасы мен 452 жылғы Аттиланың итальяндық жорығымен толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл әлем тарихының ауқымды шайқасында Испания аумағындағы Вестгот корольдігі Рим империясы мен оның одақтастарының тарапында болды. Профессордың айтуынша, сол уақыттардың куәгерлері, атап өткенде: Исидор Севильский, Орозий, Гидаций сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси және діни қарым-қатынастар бойынша, соның ішінде түркі-ғұндар бойынша құнды мәліметтер береді.
Профессор Қ.Т.Жұмағұлов XIII-XV ғасырлардағы еуропалық саяхатшылардың, соның ішінде Шығысқа қарай – Орталық Азияға қарай қозғалған испандық саяхатшылардың мәліметтеріне мән берілді. Бұл халықаралық қатынастар тарихы, Ұлы Жібек жолындағы шаруашылық пен әлеуметтік тәртіптің тұрмысы, дін мен ғұрыптар, сауданы ашып көрсететін тарихи деректердің ерекше түрі. Олардың ең маңыздылары – бұл Ruy González de Clavijo, Paschalis Hispanus de Victoria, Gottifredo Morosini және т.б.
Профессор ерекше орынды әлемге танымал ұлттық Прадо мұражайына (Museo nacional del Prado) көңіл бөлді. Мұнда айрықша құндылығы жоғары ерекше коллекциялар шоғырланған. Олар XVI-XVII ғасырлардағы испандық монархтарға бастау алады. Олардың коллекция жасауға қызығушылығы мен жеке қалаулары XVII ғасырдың соңыңда бұл испандық корольдердің жинақтары Еуропадағы ең ерекше ретінде мойындалуына әкелді.
Профессор-медиевист Қ.Т.Жұмағұлов Веласкестан ішін аралауын бастады. Оның жұмыстары мұражайдың орталығында айрықша орын алып отыр және Рибейра, Сурбаран мен Мурильо есімдерімен қатар, XVII ғасырдағы Испания өнерінің ерекше өркендеуін айғақтайды.
Прадо мұражайының ерекше материалдары студенттердің орта ғасырлар мен жаңа заман тарихы, өркениеттер мен әлемдік мұражайлар тарихы пәндері бойынша білімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тұста осындай бағдарламалар мен курстарды дайындауда ҚазҰУ-дың тарих факультеті Археология және этнология кафедрасында музеолог София Тұланқызының еңбегі зор.
Ғылыми сапар аясында профессор Manuscriptos Persas көрмесін – Персия бойынша ғана емес, көршілес аумақтар бойынша да сирек кездесетін қолжазбалардың түпнұсқасын саралады. Ол әсіресе Руй Гонсалес де Клавихоның (Ruy Gonzalez de Clavijo) Del Gran Tamorlan кітабын атап өтті. Бұл шығарма Әмір Темірланның державасына арналған (1582 ж. шығарылған). Бұл испан дипломаты мен саяхатшысы Мауреннаһрдағы Темірлан сарайында болған.
Мұражайға келген көрермен назарына ең алдымен Гарсиа де Сильва Пикуэроаның (Garcia de Silva y Picueroa) оның Үндістан мен Парсы еліне саяхатына арналған қолжазбасының түпнұсқасы түседі. Тағы да маңызды қолжазба – Адольфо Риваденейра Санчестың (Adolfo Rivadeneyra y Sánchez) ішкі Парсы елі бойынша саяхаттарының жазбаларының түпнұсқасы (Мадрид, 1880, 3 т.). Бұл ерекше манускриптілерде Орталық Азияның тарихы бойынша пайдалы құжаттар аз емес.
Профессор Қ.Т.Жұмағұловтың Мадридтік автономиялық университеттің (Universidad Autonoma de Madrid) профессор-оқытушылары мен студенттерімен кездесулері есте қалды. Кітапханада жұмыс істей отырып, оқытушылар мен білім алушылармен әңгімелесе отырып, ол жастардың оқу-ғылыми қызметінің негізгі бағыттары және күнделікті өміріне қызығушылығын білдірді. Профессор испандық студенттердің Қазақстан мен Орталық Азияның бұрынғы мен қазіргі тарихы және мәдениетіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Сапар барысында профессор Қ.Т.Жұмағұлов «Еуропалық одақ – Орталық Азия» тақырыбына арналған дөңгелек үстел жиналысында сөз сөйледі. Бұл шара Испаниядағы Қазақстан Республикасының елшілігі және Сан Пабло Мадрид университетімен (Universidad CЕU San Pablo) ұйымдастырылған. Кездесуде испандық іскерлік топтардың өкілдері, профессорлар мен оқытушылар, ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Жиналыста модератор болып саясаттану профессоры Антонио Алонсо Маркос сөз сөйледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Испан Корольдігіндегі елшісі Данат Мұсаев, Эмильо де Мигель – Испанияның СІМ-нің жауапты қызметкері, Мадридтегі «Дом Азия» директоры т.б. қатысты.
Өзара пікірлер алмасуы болып, қызықтырған мәселелер бойынша жемісті талқылаулар мен жауаптар берілді. Кездесу қатысушыларының жалпы пікірі бойынша мұндай басқосулар ЕО мен ОА елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардың кейінгі дамуы мен нығаюына, соның ішінде түрлі саладағы Испания мен Қазақстан арасында дамуға ықпал етеді.
Сонымен қатар Қ.Т.Жұмағұлов қазақ диаспорасының (Kazakh diaspora in spain) Толедо қаласының маңындағы өткен Наурыз мерекесіне қатысты. Шамамен 300 адамдай қатысқан бұл шараны ұйымдастыруда қазақ диаспорасы ассоциациясының президенті Гүлнар Османәлиева белсенді қатысты. Испандық тараптан Кармен Арнау Муро (Fundación Carmen Arnau Muro) фондының жұмысын ерекше атап өту керек. Ол Сібір халықтары мен Орталық Азия халықтарының мәдениетін таратумен айналысады. Өзінің құттықтау сөзінде қазақстандық профессор мұндай кездесулер мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, өзара түсіністіктің күшеюіне ықпал етеді. Наурыз шын мәнінде адамдарды біріктіреді. Оның тойлануы алыста, оңтүстік-батыс Еуропада тұратын қазақстандықтарды біріктіреді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі