«ЭКСПО-2017» – адами капиталдың тұрақты даму медиаалаңы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

30 қыркүйек, 2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бас редакторлар қоғамдық бірлестігі клубы ҚР инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» – адами капиталдың тұрақты даму медиа алаңы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында өткен ғылыми тұрғыдағы жарыссөзде еліміздегі медиа саласының тұрақты дамуындағы өзекті мәселелері, соның ішінде БАҚ-тың дағдарыс уақытындағы дамуы, медиа білім мен медиа сауаттылықтың «Болашақтың энергиясы»; «ЭКСПО – 2017» алаңы» идея мен сандық дәуірдің технологиясы жайында тақырыптар талқыланды.

Конференция жұмысын теңтөраға және модератор ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов пен «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы,Бас редакторлар клубының Президенті Бибігүл Жексенбай жүргізіп отырды. Б.Жексенбай «ЭКСПО – 2017» брендінің дамуына бұл шараның аса маңызды екендігін атап өтті.

«Бүгінгі медиа саласы қоғамға тұрақты даму туралы мәселені кеңінен тарататын жаңа технологияларды пайдаланып, «ЭКСПО-2017» брендін ілгерілетудің жаңа жолдары мен құралдарын іздестіруі өте маңызды»,- деді Ғ.Мутанов. ҚазҰУ ректоры, жаһандық трендке айналған «ЭКСПО-2017» насихаттаудағы БАҚ құралдарының ерекше рөлін атап өтті. «Жаңа медиа алаңы Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа қарай бағытын күшейтетін заманауи мәтінін қалыптастыру керек».

Конференцияда өз ойларымен бөліскен спикерлер сөз күші мен адами капиталдың дамуына назар аудартты. Өз кезегінде «Қазмедиа орталығы» ЖШС Басқару компаниясының Бас директоры М. Аюпов - «EXPO –барлық бағытталған жұмыстарға арналған үлкен бағдар. ҚазҰУ-нің кең көлемдегі конференцияны ұйымдастырудағы қолдауы EXPO-ны өткізудегі техникалық алаңның құрылуына жақсы бастама. Осы бастаманы қолға алып отырған университет пен оған қатысушы ғалымдар еліміздің экономикалық дамуы мен адам капиталының тұрақты дамуына өз үлестерін қосып отыр, - деп атап өтті.

«Бүгінгі күнде инновациялық қызметтің дамуы мен құрылуында ғылым университеттің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Біз, ғылыми тұжырымы, идеясы бар жас ғалымдарды қолдауымыз керек, олар туралы ақпаратты БАҚ құралдарына таратуымыз керек»,- деп атап өтті өз сөзінде «Алаш-айнасы» интернет-газетінің бас редакторы Серік Жанболат.

Бүгінгі күнде ҚазҰУ ғалымдары «ЭКСПО – 2017» көрмесінде көрсетілетін бірқатар жобалар бойынша жұмыс жасауда. Осыған орай Токия университетімен бірге халықаралық UNIFORM консорциумының аясындағы университет наноспутниктерінің зерттеулерін атап айтуға болады. Университет негізінде құрастырылған наноспутниктердің бірнеше ұшу үлгілерін Берлин техникалық университеті және ракеталы-космостық «Энергия» корпорациясымен бірге байқап көрді. Байқаудан сәтті өткен алғашқылары алдағы уақыттарда Халықаралық космос станциясының бортынан жіберіледі. Сонымен қатар алдағы уақыттарда үшмодульді наноспутникті, 50 кг болатын технологиялық микроспутникті ұшыру жоспарланып отыр. «ЭКСПО-2017» көрмесіне көрсетілетін аз сериядағы аумағы кең наноспутниктердің өндірісі жандандырылмақ. Осы бағыттарда ҚазҰУ АҚШ, Германия, Жапония, Корея елдерінің ғылыми орталықтары мен жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста.

Конференцияда сөз алған «Бизнес&Власть» газетінің бас редакторы О.Хе медиаменеджмент саласындағы тәжірибе мен журналистің ролі жайлы пікірімен бөлісті. О.Хенің айтуынша, заманауи медиабасқарудың бағдары үздіксіз технологияның жаңаруымен байланысты екенін айтады. «Жаңа технология EXPO-ның жаңа мүмкіндіктері, ол- тұрақты дамудың алаңы. Еліміздегі техникалық және технологиялық жетістігімізді көрсететін Қазақстан тарихындағы айшықты оқиға»,- деп атап өтті О.Хе.

Бүгінде жаңа технологияның дамуымен бірге медиа-алаңдар, конвергентті кеңістіктер пайда болуда. Еліміздегі жетекші университеттердің бірі болғандықтан, ҚазҰУ Қазақстанның медиа-стратегиясын қолдайды. Алдағы уақытта еліміздегі медиаиндустрия технологиясының жаңа мүмкіндіктерін қолдану, «ЭКСПО – 2017 брендінің дамуына жаңа жолдарды іздестіру мен оның бет-бейнесін қалыптастыру жолында ықпал етпек.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов пен «Қазмедиа орталығы» ЖШС Басқару компаниясының Бас директоры М. Аюпов арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Алдағы уақытта заманауи технологиялармен жабдықталған «Казмедиа» орталығы ҚазҰУ мен ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Конференция аясында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге 80-жыл» медалімен көрнекті ғалымдар мен БАҚ басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

Конференция жұмысының қорытындысы ретінде Қазақстандық масс-медиа мен ғалымдары арасында «ЭКСПО-2017» брендін бірлесіп дамыту туралы қарары қабылданды.