Білім алушыларға заманауи зертханалар қажет

17 сәуір, 2024

Федор МАЛЬЧИК, 

Аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті,

«Электрохимиялық өндіріс технологиялары» зертханасының жетекшісі: 

1. Сіздіңше, ЖОО-ның «Үздік оқытушысы» қан­дай болуы керек? Қандай талаптарға (педаго­ги­калық, психологиялық және т.б.) жауап беруге тиіс? 
2. Дәріс оқитын пәніңіз бойынша оқу бағдар­ла­масы көңіліңізден шыға ма? Сіздің ойыңызша, оны жетілдіру үшін не істеуге болады? 
3. Білікті маман даярлауда қандай кемшін тұс­тарымыз бар, атай аласыз ба? 
4. Қазіргі жастардың білім деңгейі қандай? 
5. «Қоғам сауатсызданып барады» деген көз­қа­распен келісесіз бе?

 

1. Менің ойымша, ЖОО-ның үздік оқытушысы заман ағымы мен талабына сай қыз­мет етуі керек және ғы­лым сала­сын­дағы, жалпы қоғамдағы үрдіс­тер­ді, өзге­ріс­терді дер кезінде байқап, өзінің оқытатын пәнін соған лайықтағаны абзал. Қа­рапайым тілмен айтқанда, қо­ғамдағы өзгерістерге, жа­ңа­лық­тарға сай өзінің оқы­та­тын пәнін жаңартып отыруы тиіс. Демек, оқытушы өзін-өзі жетіл­діру арқылы білім алушыларды да сол деңгейге көтеруге жұ­мыс істеуі шарт. Қазір ақпарат заманы. Үздік оқытушы атына заты сай болмаса, несіне үздік аталып отыр? Айналасына, өз­ге­лерге үлгі-өнеге көрсете ала­тындай дәрежесі де, дең­гейі де болғаны дұрыс. Сон­дық­тан ол өз саласының озаты бола жүріп, өзгеріс­тер­ге төтеп бере алатын әрі соған тез бе­йім­делетін ма­ман болуы тиіс.

2. Оқу бағдарламасына ме­нің көңілім толады. Өзім­нің пә­нім бойынша оны жыл­да жа­ңар­тамын, жетіл­діріп оты­ра­мын. Сондықтан оқу бағдар­ла­масына өкпем жоқ. Бәрі өзім­нің қолымнан өткеннен кейін тақырыпты қамтып, жан-жақты ашуға мүмкіндігім бар.

3. Маман даярлауда кем­шін тұс­тарымыз көп, алайда жетіс­тік­теріміз де аз емес. Егер химия саласы бойынша айтар болсам, осы салада дайы­н­да­лып жатқан бола­шақ мамандар жайына тоқ­тал­сам, онда білім алу­шы­лар­д­ың тәжірибе мен та­ғы­лымдамадан өтетін мей­лінше дамыған зерт­ха­наларды көргім келеді. Жан-жақты ж­е­тіл­ген заманауи зертханалар керек-ақ. Сон­дай-ақ ғылыми мақала­лар­дың әлемдік қорына бізде қолжетімділік болғаны­мен, ол толық емес. Ал бола­шақ мамандардың өз саласы бо­йынша білімі мен білігін жетілдіруге ол міндетті түрде керек, бұл өте маңызды мә­селе. Білім алушылардың өзі­не қажетті озық ақпаратты пай­да­лануына толық мүм­кін­дік жасалса, нұр үстіне нұр болар еді.

4. Бұл өте күрделі сұрақ. Мы­са­лы, мен маңайымдағы жас­тарға қарап бұған жауап бе­ре алмаймын. Өйткені Қа­зақ­стандағы жастардың бә­рімен бірдей таныс емеспін ғой. Сондықтан кесімді жа­уап айту оңай емес. Әрине, өте білімді жастар бар, білім алуға, оқуға құштар жас­тар­ды көріп жүрміз, керісінше, білімге жа­уап­сыз, сүлесоқ қа­райтын сту­дент­тер де кез­де­седі. Менің­ше, олардың арақатынасы бір­дей.

5. «Қоғам сауатсызданып ба­рады» деген пікірмен ке­ліс­пей­мін және сауат­сыз­да­нып бара жатқан қоғамды да көріп отырғаным жоқ. Әрі көрмеймін деген ниеттемін.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ