Сақ дәуірінің сырына үңілген тарихшы

19 сәуір, 2024

Белгілі тарихшы, тарих ғылымының кандидаты Еділ Ноянұлы 40 жылға жуық уақытын қара шаңырақ университеттің тарих факультетіне арнап келеді. Ол 1964 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылында қарапайым мал дәрігерінің отбасында жеті баланың ортаншысы болып дүниеге келеді. Әкесі Ноян 36 жасында «халық жауы» атанып атылып кеткен, Ресей Федерациясы Орынбор облысының Ақбұлақ аудандық партия комитетінің хатшысы Шыңғали Жанғұтдиновтың жалғыз ұлы екен.

Кеңес дәуірінің ста­лин­дік кезеңіндегі бар ауырт­палықты басынан өткерген Ноян әкей мек­теп бітіріп, әскерге барып келіп, мал дәрігері ма­ман­дығын алып, отбасын құрып, «жылымық» жыл­да­ры жаңадан құрылған Мойынқұм ауданының Кіші Қамқалы ауылында тұрақтайды. Еділ Ноян­ұлы осы ауылда туып-өсіп, әскери борышын өтеп, 1985 жылы сол кез­дегі С.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих фа­куль­тетіне түседі. Еліміз­ге танымал ғалым-про­фес­сорлар У.Шалекенов, Д.Дулатова, Ә.Тәкенов, С.Жақыпбеков, Ж.Иб­ра­ш­ев­тардың дәрісін тың­­дап, тәрбиесін кө­ре­ді.

Еділ Ноянұлының бү­гін­ге дейін ғылыми-пе­да­гогикалық ұжымда үзбей және үздіксіз жемісті ең­бек етуі, ең алдымен, ата-баба жолын жал­ғас­ты­руынан деп білеміз. «Халық жауы» болып, ста­линдік кезеңнің қу­ғын-сүргінінің құрбаны бол­ған атасы ел мүддесін жоғары қойса, Еділ де солай – университетке таң­ертең алғаш­қы­лар­дың бірі болып келеді де, соңғылардың бірі болып жұмыстан қайтады. Үнемі осылай. Екіншіден, уни­верситеттегі ұстаз­дарының берген тәрбиесі деп білеміз. Үшіншіден, өзінің жеке басындағы адалдық пен әділдік, жауапкершілік пен еңбек­қор­лық қасиеттердің кө­рінісі болса керек.

Еділ Ноянұлы өз оқу то­бында үзбей бес жыл бойы староста міндетін атқарды. Бүгінге дейін сол топтың студенттері, тіпті кейбіреулері еңбек демалысына шығып кет­се де, Еділді «біздің ста­роста» деп атайды. Осы жолдардың авторы, сон­дай-ақ университет оқы­т­у­шы-профессор­ла­ры­ның «Парасат» кә­сіп­ода­ғының төрағасы, та­рих ғылымының кан­дида­ты, қауым­дасты­рыл­ған профессор Тал­ғат Мекебаев Еділмен ҚазМУ қалашығының №6 студенттер жатақха­на­сында бес жыл бойы бір бөлмеде тұрғанымызды мақтан етеміз және кез­дескен сайын басы­мыз­дан өткерген небір қы­зық­ты күндерімізді са­ғы­нышпен еске алып отырамыз.

1990 жылы универ­си­тет­ті жақсы аяқтаған Еділ Ноянұлы Ғылым ака­де­мия­сындағы Ш.Ш.Уә­лиханов атында­ғы Тарих, археология жә­не этнология инс­ти­тутының Этнография бөліміне жұмысқа қабыл­да­нады. Ал академияда ғылым докторлары, про­фес­сорлар М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, Х.Арғын­баев, М.Мұқановтардың ғылыми мектебінен өте­ді. Жас маманды ұс­таз­дары бірден аспиран­ту­раға түсуге үгіттейді.

Аспирантураны аяқта­ған Еділ Ноянұлы уни­вер­ситетіне қайтып оралып, тарих факультетіндегі Қа­зақстан тарихы кафе­дра­сына кафедра меңге­ру­шісі, тарих ғылымының докторы, профессор Дина Дулатованың шақы­руымен оқытушы болып орналасады. Міне, сол кезден бері 31 жыл уақыт өткен екен. 1996 жылы тарих ғылымының канди­да­ты, доцент Аманжол Қалыштың ғылыми же­тек­шілігімен канди­дат­тық диссертациясын сәт­ті қорғап шығып, бірден Жоғары аттестациялық комитетте (ЖАК) бекі­тіледі.

Еділ Ноянұлы акаде­мия­дан университетке ауысып келген күннен бүгінге дейін ғылыми-педагогикалық қызметін үзбей жалғастырып ке­леді. Оның этнология мен отандық тарих мә­се­лелеріне және пәнаралық байланыс негізінде жаз­ған ғылыми, ғылыми-көп­шілік, ғылыми-танымдық жұмыстарының саны 200-ге жуықтайды. Оның таңдап алған зерттеу жұ­мыстарының бағыты – сақ дәуірі мен сақ тай­па­ларының мәдениеті та­қы­рыбы. Осы бағыт­тағы зерттеу жұмыста­ры­ның өзі бір төбе. Егер Еділ Ноянұлының жария­лан­ған ғылыми жұмыс­та­рының бәрін жинақтаса бірнеше томдық еңбек бол­ғалы тұр. Алдағы бо­латын мерейтойында бұл мәселені ескереді деген ойдамыз.

Еділ Ноянұлы елі­міз­ге белгілі тарихшы, та­рих ғы­лымының док­то­ры, про­фессор, марқұм Талас Омарбековтің ка­фе­дра меңгерушісі болған кезінен бастап орынбасар қызметін ат­қа­рып, бүкіл кафедраның оқу ісі мен тәрбие жұ­мыс­тарын жалғыз өзі мойнымен көтеріп келеді. Сонымен бірге ол 20 жылдай уақыт бойы жыл сайын Ғылым және білім министрлігі жанындағы «Дарын» республикалық оқу-әдістемелік меке­ме­сі ұйымдастыратын жо­ға­р­ы сынып оқу­шы­ла­рының республикалық олимпиадасында та­рих­тан әділқазылар алқасы мүшесі болып, ол міндет­тер­ді абыроймен ат­қарып шықты.

Қазақта «Алпысқа кел­геннен ақыл сұра» деген мәтел бар. Досымызды ақыл айтар жасқа келген мерейтойымен құттық­тап, басына бақ, білегіне күш-қайрат тілейміз. Қа­шан­да ұжымның бел ор­тасында жүріп, жастарға айтары көп болсын.

Берекет КӘРІБАЕВ,

ҚР ҰҒА академигі,

тарих ғылымының докторы,

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі