Халықаралық стандарттарға сай ГПИИР-2ге кадр дайындау
ГПИИР-2ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорлар Консорциумы мүшелерінен құралған Қазақстандық делегация Флоренцияда (Италия) инженерлік білім беру бойынша өткен Халықаралық форумға қатысты. Форум «Тұрақты қоғамға арналған инженерлік білім беру» тақырыбы аясында 130-ға жуық елдің басын қосты.
2015жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында Флоренцияда Халықаралық инженерлік білім беру Форумы әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби сарапшылардың басын қосты. Форум аясында жаһандық инженерлік білім берудің бағыты, білім берудегі, индустрия мен ғылымдағы әріптестіктің жаңа формаларын қалыптастыру, инженерлік білім беру бағдарламаларының сапасы, білім берудегі жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар және т.б. тақырыптар талқыға түсті. Ауқымды іс-шараның маңызы зор. Әлемдік экономикалық жаһандану мен ғылыми-технологиялық прогресс уақытында заманауи инженерлік білім қоғамның тұрақты дамуында негізгі білімнің құрамдас бөлігі ғана болып қалады.
WEEF 2015 жұмысына әлемдік инженерлік бірлестіктер қатысты: Инженерлік білім беру қоғамының халықаралық федерациясы (IFEES), Инженерлік білім беру саласындағы аккредитациялау бойынша еуропалық желі (ENAEE), Инженерлік білім саласындағы Америкалық қоғам (ASEE), Инженерлік педагогика саласындағы халықаралық ұйым (IGIP), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық кеңес (EED), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық қоғам (SEFI), Инженерлік білім берудегі ғаламдық қоғам (GEDC), Инженерлік білім беруді дамытатын Халықаралық институт (IIDEA) және басқа да халықаралық ұйымдар.
Форумда қазақ халқының мүддесі үшін үздік университеттердің басшылары – ГПИИР-2ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорлар Консорциумы мүшелері экономиканың негізгі алты бағыты бойынша жұмыс жасады. Консорциум мүшелерінің мақсаты экономиканы әртараптандыру, отандық өнімнің және елдің инновациялық секторының дамуына бағытталған ГПИИР-2 кадр дайындауда халықаралық инженерлік білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Форум нәтижесінде Қазақстандық ЖОО Консорциумы мен IFEES, ENAEE, IGIP халықаралық инженерлік бірлестіктерімен және қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы (КazSEE) арасында институционалдық келісімге қол қойылды. Білім беру бағдарламаларының сапасы мен оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыруда және түлектерді сертификациялауда келісімнің маңызы зор.
ENAEE-пен жасалған әріптестік келісім негізінде бүгінде қазақ делегациясына бағдарламаларды аккредитациялау сапасы жөнінде семинар ұйымдастырылды. Әріптестік EUR-ACE белгісін алып, жалпы еуропалық аккредитациядан өткен бағдарламалар тізіміне енуге және түлектерге EUR ING кәсіби дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
IGIP-мен жасалған Меморандум оқытушы-профессорлық құрамды IGIP ҚазҰУ сертификацияланған тренинг орталығының техника және технология негізінде қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар «Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы» атағын алған маман арнайы реестрге қосылып, сол арқылы халықаралық деңгейде жұмыс істеуге жол ашылады.
Форумның нәтижесінде Орта Азиялық инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ететін және КazSEE қызметінің негізінде еуропалық аккредитациялық агенттік желісіне бағытталған білім беру бағдарламаларының аккредитациялау орталығын ашу жоспарланғанын ерекше атап өту керек.
Сонымен қатар WEEF 2015 аясында Қазақстандық ЖОО Консорциум мүшелері IFEES Президенті U. Cukierman және ASEE бас хатшысы H.J. Hoyer мырзамен кездесті. Кездесуде жаһандық инженерлік білім берудегі дамудың беталысы, инженерлік білім беретін бағдарламалардың сапасы мен инженерлік білім берудегі заманауи технологиялар талқыланды. Қазақстандық делегация италиялық ЖОО ректорларының Конференциясына қатысты. Италиялық қатысушылар академиялық ұтқұрлыққа, екі дипломды білім беруге, біріккен ғылыми зерттеулерге, мамандардың біліктілігін арттырудағы әріптестікке үлкен қызығушылық танытты.
Сапар соңында қазақ делегациясы Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіне барды. Консорциум мүшелері Италияның ЭКСПО-2015 көрмесіне қойылған білім беру ұйымдарының ғылыми инновациялық жобаларына айрықша қызығушылық танытты. Сонымен қатар, италиялық әріптестермен болашақта Астанада болатын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылатын ортақ жобалардың концепциясын жасау туралы келісімге қол жеткізді.
ҚР ЖОО Консорциум төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Осы сапарда инженерлердің әлемдік кәсіби ұйымдары ГПИИР-2 ге кадр дайындауға қатысатындарын айтты. Бұл маңызды нәтижелердің бірі. Жасалған келісім-шарттар мен бірлескен жобалар ГПИИР-2ге қатысатын ҚР университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырары сөзсіз. Және Қазақстандағы инженерлік білім берудің дамуы мен экономикалық мамандардың білімге негізделген жаңа толқынның пайда болуына септігін тигізеді», - деп қорытындылады.
ҚазҰУ баспасөз қызметі