Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің 6В07202 - “Тағамдық химия және технология мамандығының 3-курс студенттерімен ТМД-3 мақсатын іске асыруда “ СУПЕРФУДТЫҢ БӘРІ «СУПЕР» ЕМЕС” тақырыбында нарықтағы белсенді қоспаларға талдау жасалды. «Суперфуд», «суперфрут» немесе «супержеміс» деп белгіленген тағамдар мен сусындар саны жыл сайын артып келе жатыр. Статистика бойынша, 2029 жылға дейін суперфудты тұтыну деңгей - 10,7 %-ға жетеді екен. Бұл – 664 тонна деген сөз.
Суперфудтар расында мықты, иммунитетті көтереді, қажетті минералдарға бай, әсіресе әйелдердің денсаулығына пайдасы мол, миома, бедеулік сияқты аурулардың алдын алады. Десе де, барлығы бірдей «супер» емес. Ағзаға әртүрлі әсер ететіндері бар. Бірақ көп адам оны түсіне бермейді. Табиғи өнім деп қараған соң барлық ауруға ем деп ойлайды. Қалқанша безінде антидене көбейген адамдар спирулина мен хлорела ішуіне мүлдем болмайды. Ол антиденені одан бетер көбейтіп, кері әсерін тигізеді. Медициналық сауаты жоқ адамдар денсаулық тақырыбына келгенде өте сақ болып, міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгінуі керек, – дейді іс-шараға онлайн қатысқан гастроэнтролог-дәрігер Сарсенкул Жадраева.
Жакирова Н.К.