Алматы қаласын көгалдандыру

29 сәуір, 2024

2024 жылдың 27 сәуірінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және тұрақты даму мақсаттарының 15-бағыты «Жер бетіндегі өмір» (15.2.3 Қолданыстағы экожүйелердің биоәртүрлілігін қолдау және кеңейту) қол жеткізу аясында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы Дәулетбай Ақбардың жетекшілігімен Химия және химиялық технология факультетінің студенттері Алматы қаласының Алатау ауданында абаттандыру шарасын өткізді. Тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына қатыса отырып, студенттер Алматы қаласындағы жер үсті өсімдіктерінің биоалуантүрлілігін қолдау және сақтау мақсатына қол жеткізуге өз үлестерін қосты.