Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті

29 сәуір, 2024

2024 жылдың 24-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Олимпиадаға жан-жақтан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарынан 22 команда білім сынағына сайысқа түсті. Олимпиада  2 – турдан тұрды: яғни 1-ші тур базалық экологиялық пәндер бойынша тестілеу, 2-ші тур «Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың жасыл технологиялары» тақырыбында өзекті мәселені шешуге бағытталған ғылыми жобаны қорғау.

Республикалық экологиялық пәндік олимпиадаға, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, География және табиғатты пайдалану факультетінің, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доцент м.а. Құрбанова Лаура Серікқызының жетекшілігімен, «6В05201-Геоэкология» және «6В05202-Экология» білім бағдарламасынан орыс және қазақ тобының 3-курс студенттері қатысты. Біздің студенттер Амребаева Ансара, Сарыбай Жания және  Әбдімүтәліп Жасұлан біліктілігі мен білімдерін жоғары нәтижеде көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Шәкірттерімізді осындай жетістіктерімен құттықтаймыз.