Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

29 сәуір, 2024

29 сәуір, 2024 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 Олимпиада қатысушыларға ақпараттық технологиялардың ең танымал бағыттарының бірінде өз дағдыларын сынауға және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға, кәсіби және жеке әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.

 Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері студенттердіі оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, ең мықты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;  білім беру жүйесін жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі бекітуге жағдай жасауға белсенді кәсіби көзқарасты қалыптастыру. Олимпиадаға қатысқан студенттер төмендегі жоғарғы оқу орындарынан келген: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, Е. А.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті,   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындары.

 Олимпиада үш кезеңде өтті, соның ішінде:

 • ақпараттық қауіпсіздік бойынша базалық білімдерін тестілеу;

 • Cisco packet tracer бағдарламасында желі топологиясын құру бойынша практикалық тапсырма;

 • криптология есептерін шешу бойынша теориялық тапсырма.

 Олимпиаданың үш кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Орын

Қатысушының Аты-жөні

Жоғарғы Оқу орыны

I

Кахраманов Усен Якубович

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 

II

Лесбек Қыдыржан 

Қ.И.Сәтбаева ҚазҰТЗУ.

II

Жақсылық Даулет 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 

III

Маликова Жадыра 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

III

Дескелді Айнар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 

III

Ахметұлы Әсет

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 

 

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды;  олимпиаданың жеңімпазы атанбаған қатысушылар – қатысқаны туралы сертификаттар.

 Іс-шара қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді, сонымен қатар жастар арасында өзін-өзі жүзеге асыру, тәжірибе және идеялар алмасу алаңы болды.