ТДМ 3 – «ГжК кубогы» футбол турнирі.

Сәуір айының 27 жұлдызында Картография және геоинофрматика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында “ГК кубогы” атты футболдан турнир өтті. Футбол ойыны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрылғанына 90 жыл, география және табиғатты пайдалану факультетінің құрылғанына 75 жыл және картография және геоинформатика кафедрасының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Ойын нәтижесі бойынша:
І орын- “Геодезия және картография” мамандығының 2- курс студенттері;
ІІ орын - “Геодезия және картография” мамандығының 3-курс студенттері;
ІІІ орын - “Геодезия және картография” мамандығының 1-курс студенттері иеленді.
Сонымен қатар:
“Үздік ойыншы” номинациясымен- ИМЕГЕН БЕКЗАТ;
”Үздік қақпашы” номинациясымен - МАХСУТОВ ШАҺИЯР;
“Үздік қорғаушы” номинациясымен - ЕРНАЗАРОВ МЕЙІРЖАН;
“Үздік шабуылшы” номинациясымен - КӨЛШІКБАЙ ИМАНҒАЛИ марапатталды.
Ойынға белсенді қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздар марапаттарыңыз құтты болсын!
Басқа жаңалықтар
