Yeditepe üniversitesi өнер және әдебиет факультеті, тарих кафедрасының меңгерушісі профессор Ахмет Ташағылмен кездесу

7 желтоқсан, 2023

7.12.2023. Yeditepe üniversitesi өнер және әдебиет факультеті, тарих кафедрасының меңгерушісі профессор Ахмет Ташағылмен кездесу өтті. Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және кафедра доценттері М.Р. Балтымова мен М.Б. Аликбаева, факультет деканы орынбасары А.Ө. Өмірбекова қатысты. Ахмет Ташағыл Түркияның исламға дейінгі тарихы, Ислам қабылданғанға дейінгі түрік мәдениетінің тарихы, Шығыс Еуропаның түрік тарихы және 12-16 ғғ. Орталық Азияның түркілер тарихы бойынша маман ретінде мәдениеттану саласындағы ғалымдармен ұзақ уақыт бойы серіктес ретінде қызмет жасап келе жатқан танымал түркітанушы ғалым. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі мәдениеттанулық зерттеулер бойынша жаңа бағдарламалар таныстырылды, «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» жобасы туралы жан-жақты мәліметтер берілді және мәдениеттану оқу бағдарламалары бойынша ортақ жобалар талқыланды. Қазақстан Республикасыныңы «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 Ғалым» жобасы бойынша ғылыми тағылымдама мүмкіндіктері талқыланды және Yeditepe üniversitesi осы бағдарлама бойынша тағылымда өтудің базасы бола алатындығы туралы келісім алынды.