ТДМ-ға қатысты Қазақстанға тән мәселелер

6 мамыр, 2024

Тұрақты дамудың мақсатты бағдарламасы – белгілі бір аумақта немесе аймақта тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған жоспар немесе стратегия. Тұрақты даму дегеніміз – болашақ ұрпақтың өз қажет­тілік­терін қанағаттандыру мүмкіндігіне нұқсан келтірмей, ағымдағы қажеттіліктерді қанағат­тандыру. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасы 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен Бірік­кен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) сам­ми­тінде қабылданды. 

Бұл мақсаттар 2015 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге ар­нал­ған даму стратегиясы ту­ра­лы халықаралық келісімді біл­ді­реді. Барлығы 17 ТДМ қа­­был­данды. Олар әлеуметтік, эко­но­микалық және экология­лық аспектілердің кең ауқымын қамтиды және барлық ел мен бар адам үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған.

Осы бағдарлама мынадай принциптерді жүзеге асыру жөнін­дегі іс-шараларды қам­ти­ды: экономикалық тұрақ­ты­лық жағдайында осы бағдар­ла­ма барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік пен қауіп­сіздікті қамтамасыз ететін тұ­рақ­ты экономикалық ортаны құ­руға ықпал ету мүмкіндігіне ие болуды; әлеуметтік әділет­ті­лік мәселесінде, тұрақты да­му қоғамның барлық мүше­ле­рінің, соның ішінде осал топтар мен болашақ ұрпақтың мүд­де­сін ескере отырып, пайда мен мүм­кіндікті әділ бөлуге ұм­ты­луды; қоршаған ортаны қор­ғау­да бағдарлама бойынша табиғи ресурстарды қорғау, ластануды барынша азайту және биологиялық әртүрлілікті сақтауға жәрдемдесу шарала­рын қамтуды қарастырады; жа­һандық ынтымақтастық мә­се­лесінде, тұрақты даму кли­маттың өзгеруі, кедейшілікті азайту және азық-түлік қауіп­сіз­дігі сияқты жаһандық мәсе­ле­л­ерді шешу үшін халық­ара­лық деңгейде ынтымақтастық қажеттілігін айқындаған. Со­нымен қатар мақсатты тұрақ­ты­лық бағдарламалары көбіне бақылау мен бағалауды, мүд­делі тараптарды тартуды және мақсаттарға жету үшін стра­тегияларды әзірлеуді қамтитын басқару принциптеріне негіз­де­леді. Олар жекелеген ұйым, қала, аймақ немесе тіпті ұлт­тық үкімет деңгейінде жүзеге асы­рылады.

Осы тұста Орталық Азия ел­дерінің өзара қарым-қаты­на­сында соңғы уақытта болып жатқан оң үдерістер, соның ішін­де ең маңыздысы – кез кел­ген мәселені ынтымақ­тас­тықта бірігіп шешу қолға алы­нып жатыр. Дегенмен ТДМ-ға қа­тысты Орталық Азия ел­де­ріне, соның ішінде Қазақстанға тән мәселелерге тоқталсақ, он­д­а мына тұстарын анықтауға бо­лады. Мысалы, эконо­ми­калық жағынан тұрақты даму мәселесі осы күні өзекті. Қазба байлыққа қарамастан, елімізде еңбек өнімділігі төмен. Мем­ле­кеттік сектор әлі де болса на­рық заңдылығына толық икем­де­ле алмай, алуан қиындықты бастан өткізіп жатыр және нашар инфрақұрылымды қоса алғанда, экономикалық даму түрлі ауыртпашылықпен бет­пе-бет келіп отыр.

Келесі мәселе – әлеуметтік қамту. Кешегі Кеңес өкіметі кезінде қалыптасқан қоғам­да­ғы байланыс ерекшелігінен көз жазып, бүгінгі нарық заманы­нан да орын алып жатқан жаңа ұғым. Әсіресе теңсіздікке, кем­сі­тушілікке, білім мен ден­сау­лық сақтауға қолжетімділікке және әйелдер, балалар және мигранттар сияқты осал топ шектеулі мүмкіндіктерге бай­ла­нысты қиындықтарға тап келді. Сонымен қатар эколо­гия­лық тұрақтылық мәселесі де жоқ емес. Орталық Азия ай­мағы келешекте су тапшылығы және су мен топырақтың лас­та­нуы, биоәртүрліліктің жоға­луы және климаттың өзгеруі сияқты бірқатар экологиялық проблемаларға кезігіп отыр. Нәтижесінде бұл жағдай адам денсаулығы мен экономикалық дамуға теріс әсер ететіні белгілі фактор. Сонымен қатар ре­сурстарды басқару мәсе­ле­сі. Су, энергия және жер сияқты табиғи ресурстарды ашық және тиімді басқару аймақтың тұрақты дамуына қол жет­кі­зудің негізгі жолдары.

 Осыған қатысты бір мысал ретінде таяуда өткен іс-шара жайында айтқымыз келіп отыр. ҚазҰУ-дың Кәсіби даму және мансап кеңсесі бөлімінің қыз­мет­керлерімен Дүниежүзі та­рихы, тарихнама және дерек­тану кафедрасының «Сандық архивтану және құжаттану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс сту­дент­те­рінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты тұрақты даму бағдар­ла­масының «Барлығына ар­нал­ған заңгерлік кеңес» ая­сында бөлімнің білікті ма­мандарынан жауап алу бо­латын. Екіжақты бірлесіп ұйым­дас­тырған кездесудің нәти­же­сінде студенттер көкейдегі сұ­рақ­тарын қойып, оқу үдері­сінің заңдылық норма талап­та­рымен танысты. Мысалы: оқу­дан бөлек, ыңғайлы уақытта жұ­мыс істеу, қандай компа­ния­ларда қызмет етуге мүмкіндік бар, оқу мен жұмысты қалай қатар алып жүруге болады т.с.с. сұрақтарға тәжірибелі және білікті бас маман Әсем Аязбаева жауап берді. Кездесу со­ңында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарға толыққанды жауап алғанын ай­тып, үлкен ризашылығын біл­дір­ді. Мұндай кездесудің ма­ңы­зы және құндылығы, жоғары білім алу барысында жастар тұрақты дамудың мақсаттарын айқын түсінсе, келешекте қор­шаған орта мен жеке басына жауап­кершілікпен қарап, са­лауат­ты өмір сүру дағдысына икемделеді.

Бақыт НҰРПЕЙІСОВА,

Дүниежүзі тарихы және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.