- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция
«Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция
Бүгін 10.05.2024 жылы «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы 16-ТДМ «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметін атқарған Қ.Ә.Мәмидің 70 жылдығына арналды. Конференция Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 90 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Конференцияның жұмысына Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Беларуссия және т.б. елдердің заңгер-ғалымдары қатысты. Конференцияда сот төрелігін жүзеге асырудың және қоғамдағы әділдік институттарының өзекті мәселелері қарастырылды.