Ғылымға салған инвестицияның қайтарымы болады

16 мамыр, 2024

Ғылым – бізді қоршаған әлем туралы біліміміздің дәйекті же­мі­сі. Ғылым – қоғамның интеллектуалдық дамуы, инновация және технологиялық серпілістермен қатар, адамзаттың өмір сүру салтына тікелей әсер ететін тірек. Мәселен, жаратылыстың қыр-сырын түсіну арқылы климаттың өзгеруі, ластанумен күресу және табиғи ресурстарды қорғауға көмектесу сынды өзекті мәсе­ле­лердің мәнін ұғынуға алып келеді. Әр адамның өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезініп, қоршаған орта, Табиғат-ана үшін саналы түрде жауапкершілік алуына ұласады. Әлем туралы ілім мен оны тану жолында білім көкжиегін кеңітіп, жаңа ғылыми-қолданбалы жаңалықтарды ашуға шабыттандырады. 

Қазақстанның көптеген уни­вер­ситеттері мен ғылыми орталықтары энер­гетика, технология, медицина, экология және т.б. түрлі салаларда белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Елдің өнеркәсібі мен эконо­ми­ка­сында қолдануға болатын ғылыми зерттеулерді дамыту – басым ба­ғыттардың бірі. Инновацияға, тех­нологиялық дамуға және тех­но­логиялар трансфертіне ерекше кө­ңіл бөлінеді. Елімізде жас ғалым­дар­ды қолдау және олардың ғы­лыми қызметін ынталандыру бағ­дарламалары дарынды ма­ман­дарды тартуға, олардың ғылыми салада дамуы мен мансаптық өсуін қамтамасыз етуге жәрдем етеді. Технопарктерді, инкубаторларды және акселераторларды қоса ал­ғанда, инновациялық инфрақұры­лымды дамыту ғылыми әзір­ле­ме­лерді коммерцияландыруға ықпал етеді және жаңа технологиялық стартаптарды құруға ынталан­ды­ра­ды. Осылайша Қазақстан ғы­лымы елдегі ғылыми зерттеулерді, инновациялық және технологиялық прогресті ынталандыру бойынша үкімет пен ғылыми қауымдастықтың кең ауқымды шараларының ар­қа­сында белсенді даму сатысында тұр. Халықаралық ынтымақтастық, яғни Қазақстан ғалымдары ха­лық­аралық ғылыми жобалар мен ал­масу бағдарламаларына белсенді түрде қатысады. Бұл тәжірибе, тех­нология және білім алмасуда оң ықпал етеді. Мұндай қадам өз ке­зегінде елдегі ғылымның дамуына айрықша үлес қосады.

Елдің бірегей географиялық жә­не климаттық ерекшеліктерін ес­кере отырып, бірнеше негізгі ғы­лыми бағыттарда дамып келеді. Ең алдымен, геология және геоло­гия­лық зерттеулер туралы айтқым ке­ле­ді. Себебі Қазақстан мұнай, газ, көмір, кен орындары және басқа да пайдалы қазбалар сияқты гео­ло­гиялық ресурстарға бай. Геология са­ласындағы ғылыми зерттеулер осы ресурстарды игеруге және ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Екіншіден, экология және қор­ша­ған ортаны қорғау. индус­трия­ландырудың күшеюі және ауыл шаруашылығының дамуымен эко­ло­гия саласындағы зерттеулер ма­ңызды салаға айналуда. Ғалымдар антропогендік әрекеттердің эко­жүйе­ге әсерін зерттеп, биоло­гия­лық әртүрлілікті қорғауда және қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді барынша азайту жолдарын табуда.

Үшіншіден, география және ай­мақ­тық даму бойынша зерт­теу­лерге келсек, география сала­сын­дағы зерттеулер Қазақстан ау­ма­ғының ерекшелігін, оның кли­маттық жағдайын, ландшафтын, су ресурсын және басқа геогра­фия­лық аспектілерін түсінуге көмек­те­седі. Бұл аймақтардың тұрақты дамуы үшін маңызды.

Келесі ғылыми бағыт – маңызды инфрақұрылым және геоақ­па­рат­тық технологиялар. Геогра­фия­лық ақ­параттық технологиялар мен жүйелерді дамыту маңызды ин­фра­құрылымды басқаруға, сон­дай-ақ кеңістіктік жоспарлау, кар­то­графия, геодезия, табиғи ре­сурстарды басқару, климаттың өзгеруіне бейімделу және т.б. мәселелерін шешуге көмектеседі.

Елімізде ғылымның дамуын көр­сететін аспектілердің бірі ретінде ғылыми зерттеулерді қаржы­лан­дыруды атап өтуге болады. Бұл түрлі салалардағы іргелі және қол­данбалы зерттеулерді жеңілдетеді. Жал­пы, Қазақстандағы ғылымның одан әрі дамып, жаңа ашылымдар мен жаңалықтар әкелу үшін ғы­лыми зерттеулерді қаржы­лан­дыру, ғы­лымға салынған инвес­ти­ция, ға­лым­­дарға жоғары сапалы зерт­теулер жүргізуге, қажетті құ­рал-жабдықтарды сатып алуға және дарынды мамандарды тар­ту­ға мүмкіндік беретіндіктен жеткілік­ті мөлшерде бөлінуі керек. Соны­мен бірге ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне еркін қол жеткізу, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың тәжірибесі және білім алмасуы ғылымның дамуына әрі ғылыми жаңалықтарды жедел­де­туге ықпал етеді.

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түр­де аталып өтетін Ғылым қыз­мет­керлері күні – ғылыми зерт­теу­лердің маңызын және оның жалпы әл-ауқатымызға қосқан үлесін атап өту мүмкіндігі. Олай болса, ғылым – өміріміздің барлық саласына әсер етіп, қоғамның ілгерілеуі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін өмі­ріміздің ажырамас бөлігі.

Айжан АСЫЛБЕКОВА,

Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі