Совет Одағынан бері әлі кездесетін тәжірибе – ол медицина мамандарының /дәрігерлердің, мейіргерлердің / бір неше қосымша жұмыс алуы, арасында басқа медицина мекемесінде де. Оның себебі белгілі болатын: қаражат жағын толтырамыз деп жүргендері. Әрі қарай бұл талпыныстары мамандардың шаршауына, эмоционалды күйіп кетуіне апаратыны белгілі, және әсіресе көбінің отбасы тұрмыстық жағдайын ойластырсақ бұл кәсіби жағынан жаңа өзгерістерді қарастыруға, жаңа шығып отыратын мақалаларды оқып талқылауына, ғылыми жағынан салауатты болуына біраз кедергі деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Токаев мырзаның Egemendi Qazaqstan -ға берілген «Прогрессивті ұлт ретінде алға ұмтылу маңыздылығы» атты сұхбатын оқып, маған жүрегіме жаққаны ол Қазақстан Мемлекетінің медицина мамандарына айтарлықтай жалақыларын көбейтуінде, ол өте жақсы жаңалық деп ойлаймын. Жаңа жылдан бастап медицина саласында қарқынды жаңа өзгерістер жол алады деп үміттенем. Енді медицина мамандарының жалақылары қанағаттандыратындай болса, олар қосымша жұмыс, табыс іздемей заманға сай өз біліктілігін күнделікті көтеруге мүмкіндік ашылады, уақытында өз денсаулығына, отбасына назар аударып, және өз міндеттерін тиянақты үлкен қызығушылықпен, жауапкершілікпен атқаруға жол ашылады деп үміттенем. Жастарда медицина саласын болашақ мамандық ретінде асыға таңдайтын болады.

Қазіргі заманда денсаулық елдің басты байлығы, сондықтан жалғыз денсаулықтың ақауларын емдеуде, қалыптасуына үлес қосудан басқа да, медицина маманының басты міндеті - ауырудың алдын алу, аурудың болмауына үлкен үлес қосу болып табылады.

Сондықтан Қазақстан Республикасының медицина мамандары халықаралық замануи медициналық тәжірибеден әріқашанда қалыспауы керек.

Денсаулық сақтаудағы саясат және ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы

Баймағанбетова Қ. С.