- Басты бет
- Жаңалықтар
- Баку қаласында «Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, келешегі, зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы өтті
Баку қаласында «Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, келешегі, зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы өтті
22.05. 2024 ж. Баку қаласында «Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, келешегі, зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы өтті. Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институтында өткен симпозиум ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК, әл-Фараби ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО, Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институты бірлесе отырып, ұйымдастырылды. Симпозиумға әл-Фараби ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры проф.Зубайда Шадкам мен ғылыми қызметкері Н.Н.Кайранбаева қатысты. Шара ЦУР-12 аясында ұйымдастырылды.
Түркілердің емшілік өнерін зерттеушілердің, бұл тақырыпқа қызығушылардың өзара сұхбатын құру, тәжірибелері мен білімдерін алмасу мақсатында АР19675139 «Ортағасырлық түркі медицинасының парсы тіліндегі мұралары: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрāр ал-атиббā’» ғылыми-зерттеу жобасы аясында қолға алынды. Симпозиумға Азербайжан, Қазақстан, Түркия, Польша мемлекеттерінің ғалымдары қатысып, өз баяндамаларын оқыды.
Симпозиум емдік дәстүрлерге, дүниетанымдарға, медицина мен табиғи өнімдермен емдеу ерекшеліктері мен жазба медициналық мұраларының зерттелу мәселелерін талқылауға бағытталды. Шығыс халықтарының «классикалық» және жергілікті емшілік дәстүрлердің тарихи, философиялық, филологиялық, антропологиялық, социологиялық және ғылыми аспектілері қарастырылған мақалалар, әдебиеттерге шолу, зерттеу есептері қабылданды.
1) Симпозиум барысында Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институты «Ең көне және сирек медициналық қолжазбалар» атты көрмесі өтті.
2) Көрмеде Институт қорындағы сақталған құнды медициналық жазба мұралары жайлы PhD, доцент Бабаханова Нигяр Ханқызы айтып берді.
3) Салтанатты кешті симпозиумның ұйымдастырушысы әрі модераторы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Зубайда Шадкам бастады.
4) Симпозиумның ашылу салтанатын құрметті қонағы Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институтының директоры, академик Тимур Керімлі ашты. Ол өз сөзінде үш мекеме арасында ынтымақтастықтың нығаюын, болашақта осындай іс-шаралардың көбеюін ниет білдірді.
5) ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК директорының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы құттықтау сөзін айтты.
6) Симпозиумның құрметті қонағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» қызметінің жетекшісі (Алматы, Қазақстан) Абикова Гүлшат Масалимқызы «ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорындағы көне қолжазбалар» атты баяндамасын оқып, Қазақстан қорында сақталған Низами, Физулидің еңбектері туралы қатысушыларды қызықтырды.
7) Симпозиумға Азербайжан, Қазақстан, Түркия, Польша мемлекеттерінің ғалымдары қатысып, өз баяндамаларын оқыды. Қатысушылардың қатарына Әзірбайжаннан – 30-ға жуық, Түркиядан – 3, Қазақстаннан – 5 , Польшадан – 1 ғалымдар мен қонақтар қатысты.
Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институтының директорының орынбасары Нажафов Азизаға мырза сөз сөйлеп, симпозиум ұйымдастырушылары мен атсалысқан ғылыми қызметкеріне өз алғысын білдірді. Профессор З.Шадкам симпозиум қатысушыларын сертификаттары мен симпозиум жинақатарын табыстап, құттықтады.
Симпозиум нәтижесінде жинақ басылды: Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, келешегі, зерттеу мәселелері = Medieval Turkic Medicine and its Heritage: past and present, future, research problems: халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумның материалдары / Жауапты ред.: Кайранбаева Н.Н. – Алматы: Qalam, 2024. – 190 б. ISBN 978-601-08-4033-1
Н.Н. Кайранбаева