Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиерден көшбасшылық дәрісFarabi University
Референдум 15 марта

Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиерден көшбасшылық дәріс

10 маусым, 2024

2024 жылдың 10 маусымында сағат 11:00-де Халықаралық қатынастар факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиер «Жаһанданған әлемдегі британ мәдениеті»   тақырыбында дәрісі оқыды.

Доктор Джон Гудиер- қазіргі тілдер департаментінің ассистент профессоры, Германия, Ұлыбритания және Қытай арасындағы мәдениетаралық байланысқа үлкен үлес қосқан жетекші,  тележүргізуші, педагог, көшбасшы, менеджер, жазушы, редактор, тестілеу жетекшісі, спикер және аудармашы. Сондай-ақ 50-ден астам ғылыми еңбектің және 5-тен астам кітаптың авторы.

Өз дәрісінде профессор Ұлыбританиядағы білім жүйесі туралы айтып, жаһандану жағдайында британ мәдениетінің өзгеруі мен ерекшелігі туралы ойымен бөлісті.