- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиерден көшбасшылық дәріс
Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиерден көшбасшылық дәріс
2024 жылдың 10 маусымында сағат 11:00-де Халықаралық қатынастар факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бирмингем университетінің ассистент профессоры, доктор Джон Гудиер «Жаһанданған әлемдегі британ мәдениеті» тақырыбында дәрісі оқыды.

Доктор Джон Гудиер- қазіргі тілдер департаментінің ассистент профессоры, Германия, Ұлыбритания және Қытай арасындағы мәдениетаралық байланысқа үлкен үлес қосқан жетекші, тележүргізуші, педагог, көшбасшы, менеджер, жазушы, редактор, тестілеу жетекшісі, спикер және аудармашы. Сондай-ақ 50-ден астам ғылыми еңбектің және 5-тен астам кітаптың авторы.

Өз дәрісінде профессор Ұлыбританиядағы білім жүйесі туралы айтып, жаһандану жағдайында британ мәдениетінің өзгеруі мен ерекшелігі туралы ойымен бөлісті.

Басқа жаңалықтар