«Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» ашық тәрбие сағатFarabi University

«Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» ашық тәрбие сағат

5 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында осыдан үш жыл бұрын «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. 5 қыркүйекке ауыстыру себебі – бұл күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы атаулы күнге орай археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушысы Н. Ғалымжанның ұйымдастыруымен «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Тәрбие сағаты барысында алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы баяндалып, өсиет сөздері талқыланды. 

Ахмет Байтұрсынұлының: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.» нақыл сөздерін мән-мағынасын талдап, сараланды.